Қазақстандық велоспортшы әлем чемпионы атанды

© Photo : Сайт велоклуба "Astana Pro Team""Astana Pro Team" велокомандасы, архивтегі фото
Astana Pro Team велокомандасы, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Қазақстандық Евгений Федоров Австралияда тасжолдағы велоспорттан U23 әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
Ол топтық жарыста үздік атанды (169.8 шақырым).
"Қолдан келгеннің бәрін жасадым. Маған өрге қарай жүру қиындық келтіретінін түсіндім. Бірақ егер өрді қалай да еңсерсем, мәреде жеңіске жетуге мүмкіндік болатынын білдім. Мен өте бақыттымын. Командам және өзім үшін қуаныштымын", - деді Федоров UCI-ге.
Мәреге екінші болып Матиас Вачек (Чехия) келді. Норвегиядан келген Сорен Вереншельд үздік үштікті түйіндеді.
Қазақстан бұл турнирде соңғы рет 10 жыл бұрын жеңіске жеткен. Онда Алексей Луценко чемпион атанған.
Жаңалықтар
0