https://sputnik.kz/20220923/ministr-nurbek-balalary-kipr-27815958.html
"Олар өз таңдауын жасады": министр Нұрбек балаларының Кипрден не себепті келмегенін айтты
"Олар өз таңдауын жасады": министр Нұрбек балаларының Кипрден не себепті келмегенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрде оқып жатқан балаларының не себепті елге қайтпағанын түсіндірді, деп... 23.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-23T12:13+0500
2022-09-23T12:13+0500
2022-09-23T12:13+0500
саясат нұрбек
балалар
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15645071_0:0:2500:1407_1920x0_80_0_0_765a090f0a27b54e7a72c3535609bf21.jpg
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрде оқып жатқан балаларының не себепті елге қайтпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрда оқитын балалары 26 маусымда Қазақстанға қарапайым мектепке оралатынын мәлімдеді. Тіпті, журналистерге фотомен есеп беруге де уәде еткен еді. Ал 13 қыркүйекте үкімет кулуарында журналистерге берген сұхбатында "жеке мәселесіне араласпауды" сұрады. Осылайша, фотоесеп бойынша жауап беруден бас тартты. Бүгін орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте тілшілер министрдің уәдесі туралы тағы сұрады. Нұрбек осы мәселеге нүкте қоятын кез келгенін мәлімдеді. Осы орайда Нұрбек балаларының шешімін құрметтеуді сұрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/03/15645071_148:0:2371:1667_1920x0_80_0_0_3ef5548867ca82880e4ab92f1c16b55b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
саясат нұрбек, балалар
"Олар өз таңдауын жасады": министр Нұрбек балаларының Кипрден не себепті келмегенін айтты
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрде оқып жатқан балаларының не себепті елге қайтпағанын түсіндірді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Кипрда оқитын балалары 26 маусымда Қазақстанға қарапайым мектепке оралатынын мәлімдеді. Тіпті, журналистерге фотомен есеп беруге де уәде еткен еді.
Ал 13 қыркүйекте үкімет кулуарында журналистерге берген сұхбатында "жеке мәселесіне араласпауды" сұрады. Осылайша, фотоесеп бойынша жауап беруден бас тартты.
Бүгін орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте тілшілер министрдің уәдесі туралы тағы сұрады. Нұрбек осы мәселеге нүкте қоятын кез келгенін мәлімдеді.
"Иә, мен уәде бергенмін. Балаларым келген. Олар төрт жылдан бері шетелде оқып жүр. Солтүстік Кипрде жеке меншік британдық мектепте білім алады. Біздегі жеке меншік мектептермен салыстырғанда арзан. Біз балалармен сөйлестік, олар есейіп қалды, өздігімен шешім қабылдай алады. Шетелдік мектептер сол жағынан жақсы, өздігімен шешім қабылдауға үйретеді. Олар өз шешімін жасады. Оқуды Кипрде жалғастыруды жөн көрді. Мен олардың шешімімен келістім", - деді министр.
Осы орайда Нұрбек балаларының шешімін құрметтеуді сұрады.