Астанада жел электр станциясы салынады
16:25 23.09.2022 (жаңартылды: 16:28 23.09.2022)
© Photo : Пресс-служба министерства энергетики КазахстанаЖел электр станциясы, архивтегі фото
© Photo : Пресс-служба министерства энергетики Казахстана
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. Астанада шетелдік жеке қаражат есебінен жел электр станциясын (ЖЭС) салу жоспарланып отыр.
Бұл мәселе Италияның ENI мұнай-газ компаниясымен ("Arm Wind" ЖШС), Қазақстан энергетика министрлігі өкілдерімен бірлесе пысықталып жатыр, деп хабарлады елорда әкімі Алтай Көлгінов.
© Photo : Пресс-служба акимата АстаныАстана әкімі Алтай Көлгінов Eni компаниясының өкілімен кездесті
Астана әкімі Алтай Көлгінов Eni компаниясының өкілімен кездесті
© Photo : Пресс-служба акимата Астаны
Жел электр станциясының қуаты бірінші кезеңде 50 МВт болады, ал одан әрі 100 МВт-тан аса ұлғайтуға мүмкіндігі бар. Жаңартылатын энергия көздері саласындағы бұл жоба электр энергиясының қосымша маңызды көлемін құруға мүмкіндік береді. Осы арқылы құрылысы жүріп жатқан болашақ аудандарды электр энергиясымен қамтамасыз етеді.
Осы мақсатта тартылатын шетелдік жеке инвестициялар сомасы 50 млрд теңгеге жуықтайды. Қазіргі уақытта техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп жатыр.
Бұған дейін президент еліміздегі "жасыл" технологиялардың үлесі 2030 жылға қарай 15%-ға дейін артуы тиіс екенін атап өткен болатын.