https://sputnik.kz/20220923/aqtobe-mlrd-tenge-kopir-27804429.html
Ақтөбеде қыруар бюджет қаражатына салынған көпір жөндеуге жабылды
Ақтөбеде қыруар бюджет қаражатына салынған көпір жөндеуге жабылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде екі жыл бұрын салынған көпір жөндеуге жабылды. 23.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-23T09:57+0500
2022-09-23T09:57+0500
2022-09-23T10:05+0500
өңірлер
ақтөбе
көпір
теңге
жөндеу жұмыстары
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27804497_1:0:1366:768_1920x0_80_0_0_392ab3b073b6bbc9defa283568746855.jpg
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде екі жыл бұрын салынған көпір жөндеуге жабылды.Бұл бюджетке миллиард теңге шығын әкелді. Әкімдік жосықсыз мердігерді сотқа берді. Жолды басқа компания жөндейді, деп хабарлайды Информбюро 31.22 қыркүйекте Елек өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы тоқтады. Жол жөндеу жұмыстары 25 қыркүйекке дейін жалғасады.Ақтөбеліктер жол шұңқыр болып жатқанын айтады. Әр жерде арматура шығып тұрғандықтан көліктер жиі істен шығып жатыр деп шағымданды.Көпір екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Ол Ақтөбенің оңтүстігінде, жолдарды "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізімен байланыстырады.Енді жергілікті әкімдік кепілдік міндеттемесі негізінде кемшіліктерді жоюға тиіс жосықсыз мердігерді сотқа беріп жатыр.Алайда бас мердігер қосалқы мердігер компанияны кінәлап отыр. Прокурорлар оларға құмды заңсыз жолмен тапқаны үшін айыппұл салған. Іс жүріп жатыр, ал жолды атыраулық компания қалпына келтіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары келесі жазға қалдырылады.Айта кетері, Елек өзені арқылы өтетін көпір құны 7 миллиард теңге болатын "Оңтүстік айналма жол" ірі жобасының бір бөлігі. Бастапқыда қаржы мәселесіне байланысты, кейін мердігердің қаражатты игермеуіне байланысты жол құрылысы бес жылға созылды. Олар жолды қазан айының соңында ашамыз деп уәде беріп отыр.
ақтөбе
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27804497_171:0:1195:768_1920x0_80_0_0_c65036be793a5215e5a21af6d6ca22ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе, көпір, теңге, жөндеу жұмыстары
ақтөбе, көпір, теңге, жөндеу жұмыстары
АЛМАТЫ, 23 қыркүйек - Sputnik. Ақтөбеде екі жыл бұрын салынған көпір жөндеуге жабылды.
Бұл бюджетке миллиард теңге шығын әкелді. Әкімдік жосықсыз мердігерді сотқа берді. Жолды басқа компания жөндейді, деп хабарлайды
Информбюро 31.
22 қыркүйекте Елек өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы тоқтады. Жол жөндеу жұмыстары 25 қыркүйекке дейін жалғасады.
Ақтөбеліктер жол шұңқыр болып жатқанын айтады. Әр жерде арматура шығып тұрғандықтан көліктер жиі істен шығып жатыр деп шағымданды.
"Күн сайын осы көпірден өтеміз. Оны сапалы салу мүмкін емес пе еді?" - дейді қала тұрғыны Әкімжан Ерубаев.
Көпір екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Ол Ақтөбенің оңтүстігінде, жолдарды "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" халықаралық көлік дәлізімен байланыстырады.
Енді жергілікті әкімдік кепілдік міндеттемесі негізінде кемшіліктерді жоюға тиіс жосықсыз мердігерді сотқа беріп жатыр.
Алайда бас мердігер қосалқы мердігер компанияны кінәлап отыр. Прокурорлар оларға құмды заңсыз жолмен тапқаны үшін айыппұл салған. Іс жүріп жатыр, ал жолды атыраулық компания қалпына келтіреді. Күрделі жөндеу жұмыстары келесі жазға қалдырылады.
Айта кетері, Елек өзені арқылы өтетін көпір құны 7 миллиард теңге болатын "Оңтүстік айналма жол" ірі жобасының бір бөлігі. Бастапқыда қаржы мәселесіне байланысты, кейін мердігердің қаражатты игермеуіне байланысты жол құрылысы бес жылға созылды. Олар жолды қазан айының соңында ашамыз деп уәде беріп отыр.