Америка жоспары: Еуропада не болып жатыр

© Associated PressФлаг Евросоюза. Архивное фото
Флаг Евросоюза. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
Еуропадағы энергетикалық және сәйкесінше қаржылық дағдарыс америкалық одақтастардан мейлінше көп қаражат тарту мақсатында алдын ала ойластырылған деген теория жиі айтылып жүр, деп жазды РИА Новости.
The Wall Street Journal басылымы өте қызықты материалды жариялады. Мақалада еуропалық ірі бизнес өкілдері, соның ішінде машина жасау және автомобиль өнеркәсібі, сондай-ақ химия өнеркәсібі өз өндірісін АҚШ-қа біртіндеп көшіре бастағаны айтылған. Бұл негізгі тұтынушылар үшін энергия бағасының шамадан тыс жоғары болуына байланысты. Осы жағдай әзірше банкротқа ұшырауға әкелмегенмен, өндірісті күрт қысқарту мәселесін тудырып отыр.
Тізімде көрсетілген өнеркәсіптік ірі нысандардың қатарында ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарын өндіретін голландиялық OCI N.V. компаниясы да бар. Нидерланды химиктерінің негізгі өнімдері аммиак, несепнәр және жоғары өнім үшін аса қажетті басқа заттар. Бас директор баспасөзге кәсіпорында аммиак өндіру бойынша жаңа қуаттар іске қосылатынын, бірқ тек Техаста ашылатынын хабарлады.
АҚШ-қа қарай қоныс аужарып жатқандардың қатарында даниялық зергерлік бұйымдар бренді Pandora, Volkswagen автокөлік концерні және Tesla электромобиль компаниясы бар. Осыдан бір-екі жыл бұрын Tesla иесі, танымал Илон Маск машина құрастыру цехтарын ашып, құрылыс үшін бүтіндей орман алқабы кесілген болатын. Ал өнеркәсіптік көлемдегі су жеткізуге арналған бұрғылау ұңғымалары, неміс экологтары жазғандай, сулы қабаттың құрылымын қалпына келтіруге болмайтындай етіп зақымдады.
Өнеркәсіп нысандарының бұл миграциясы табиғи газ бен электр қуатының бағасы қымбаттауымен қатар, сондай-ақ жақында ғана Джо Байден Inflation Reduction Act (IRA), яғни инфляцияның төмендеуі туралы заңға қол қойды. Ол құжатта АҚШ-тың монетарлық сяасатын тұрақтандыруға байланысты қаржы мәселесімен қатар, осы қиын-қыстау кезеңде өз өндірістік және салық жұмысын Америкамен тығыз байланыстыруға шешім қабылдаған шетелдік кәсіпорындар үшін жеңілдік қарастырылған.
"Жарты жыл бұрынғы жағдайды еске алсақ, еуропалық ірі бизнес өкілдері ресейлік энергия тасымалдағыштарды импорттауға қарсы шектеу енгізілуін аса қолдамаған. Сондықтан осы мәселені талқылаулар ұзаққа созылып, кейде тіпті Венгрия сынды мемлекеттер ашық қарсылық білдіріп жатты. Сол себепті Вашингтон тарапынан еуропалық ұжымға қысым көрсетіле бастады", - деп жазды РИА Новости.
Бұл шешімге қатысты күмәні бар еуропалықтарға көмірсутектен ешқандай таршылық болмайтыны, америкалық мұнай мен сұйылтылған табиғи газды еш қиындықсыз алатыны уәде етілді. Нәтижесінде, ресейлік мұнайды жеткізу 20 процентке төмендеп, ал табиғи газ импорты үштен бірге қысқарды. Мұхиттың арғы бетінен келетін алмастыратын жеткізулер бастапқыда тоқтаусыз өскенімен, жылыту маусымының қарсаңында күрт тоқтап қалды. Соның салдарынан күзгі салқын кезінде Еуропада энергетикалық тапшылық туындап отыр.
Тізімде көрсетілген корпорациялар мен компаниялардан басқа, өндірісті АҚШ-қа көшіруді ArcelorMittal сияқты алып кәсіпорындар да қарастырып отыр. Бас директор Адитья Митталдың айтуынша, Техастағы өндірісті ұлғайту арқылы шығындарды өтей отырып, Германиядағы болат өндірісін және сәйкес өнімдерді шығаруды екі есе азайту мүмкіндігі қарастырылып жатыр.
Әлемдегі ең ірі отқа төзімді материалдар өндірушісі RHI Magnesita да көрші құрлыққа көшу ниеті туралы айтты. Компанияның саладағы барлық әріптестер арасында ең көп өндірістік нүктесі болуымен қатар, ол Лондонда тіркелген, яғни капиталдың жылыстауы Еуроодақ аумағынан асып түсетін көлемде болып отыр.
Әлемдік өнеркәсіптегі басқа да ірі кәсіпорындар, атап айтқанда, химиялық заттар мен ауыл шаруашылығы тыңайтқыштарының барлық түрін шығаратын неміс BASF және норвегиялық Яра Интернешнл әзірше миграция туралы жариялаған жоқ. Бірақ олар егер электр энергиясының бағасы жақын уақытта арзандатылмаса, Еуропадан капиталдың жылыстауы қарқынды сипатта болатыны туралы жиі айтып жатыр.
Өндірісті көшіру Еуропаны толық құлдырады деуге келмейтіні белгілі. Бірақ оның салдары Еуроодақ үшін айтарлықтай ауқымды болатыны анық. Себебі Брюссель қаржы көзі әрі жұмыс беруші саналатын ірі бизнеске жақын уақытта қолайлы жағдай жасай алмайды, ал пандемия салдарынан біршама шығынға батқан АҚШ еуропалық кәсіпорындардан енді оңай бас тартпайды.
Жаңалықтар
0