"Алтай – Азия" форумында славян және түркі халықтарының бірлігі талқыланды

© PhotoАлтГУ 5. Единство славянских и тюркских народов обсудили на форуме "Алтай – Азия"
АлтГУ 5. Единство славянских и тюркских народов обсудили на форуме Алтай – Азия - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 23 қыркүйек – Sputnik. "Алтай – Азия 2022" халықаралық форумы аясында Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркия ғалымдары Ресей мен Орталық Азия елдерінің славян және түркі халықтарының тарихи-мәдени бірлігі тұжырымдамасын талқылады.
Тұжырымдаманы Алтай мемлекеттік университетінің "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының халықаралық ұжымы әзірлеген. Тұжырымдама үшінші жыл қатарынан оның аясында 30-дан астам ресейлік және 45 шетелдік ғалым жұмыс істеп жатқан "Ұлы Алтайдың түркі әлемі" жобасының бағдарламалық құжатына айналды.
Тұжырымдаманың мақсаты – Ресейдегі және Орталық Азия мемлекеттерінің славян және түркі халықтарының ортақ тарихи-өркениеттік мұрасына негізделген әлеуметтік-мәдени, дүниетанымдық және басқа да құндылықтар мен тәжірибелердің ғылыми негізделген және олардың тарихи-мәдени бірлігін растайтын жүйе қалыптастыру.
"Еуразия – бұл географиялық ұғым ғана емес, ол осынау ұлан-ғайыр аумақта тұратын халықтардың, оның ішінде славян және түркі халықтарының тарихи және мәдени өзара байланысын білдіреді", - деді С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі "Алтай-Тану" ҒБО басшысы Жанна Әубәкірова.
"Еуразияны славян және түркі әлемдері арасындағы үздіксіз диалогтың өнімі ретінде елестетуге болады. Ал диалог ең алдымен тілдік коммуникациялар, мәдени коммуникациялар арқылы құрылады. Сондықтан біз осы тұжырымдаманың аясында алға қойылған күрделі әрі кешенді міндеттерді шешу және жүзеге асырудағы бастаманы қолдаймыз", - деді ол.
Ресейдегі және Орталық Азия елдерінің славян және түркі халықтарының тарихи-мәдени бірлігі тұжырымдамасы түркітанушы ғалымдардың ынтымақтастығына арналған жол картасы ретінде қарастырылады. Сондықтан шараға Ресей және серіктес елдердегі Түркітану ғылыми-білім беру орталықтарының өкілдері қатысты.
© Photo"Алтай – Азия" форумында славян және түркі халықтарының бірлігі талқыланды
АлтГУ 5. Единство славянских и тюркских народов обсудили на форуме Алтай – Азия - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.09.2022
"Алтай – Азия" форумында славян және түркі халықтарының бірлігі талқыланды
Олардың қатарында Таулы Алтайдағы С.С.Суразаков атындағы алтайтану ҒЗИ, Башқұртстандағы "Берлек-Единство" геосаяси зерттеулер орталығы, Тува мемлекеттік университетіндегі "Түркітану" ҒБО, Санкт-Петербургтағы Қазіргі Түркия және Ресей-Түркия қарым-қатынасын зерттеу орталығы, Шығыс Қазақстан университетіндегі "Алтай-Тану" ҒБО, Әзербайжан тілдер университетіндегі Ресейтану орталығы, сондай-ақ, Қазақстан мен Қырғызстандағы жобаның серіктес оқу орындары, атап айтқанда, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық түркі академиясы, Ж.Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің ғалымдары бар.
"Славян және түркі халықтарының көп ғасырлық ортақ мекені, олардың осы кезеңде әртүрлі мемлекеттік құрылымдарға енуі славян-түркі бірлескен тіршілік ету әрекетінің қоспасын құрайтын ортақ құндылықтар мен дәстүрлер туралы айтуға мүмкіндік береді", - деді "Үлкен Алтай" алтайтану және түркітану ғылыми-білім беру орталығының (ҒБО) профессоры, Алтай мемлекеттік университетінің (АлтМУ) президенті Сергей Землюков. "Бұл дәстүрлер мен құндылықтар халықтар үшін өте маңызды, оларды болашақ ұрпаққа мұра ету керек, олар Еуразияда тұратын түркі және славян халықтары арасындағы тату көршілік қарым-қатынас пен өзара сенімді сақтау үшін маңызды", - деді ол.
"Берлек-Единство" орталығының сарапшы аналитигі, саяси ғылымдардың кандидаты Артур Сүлейменов ұсынылған тұжырымдаманың Ресей мен Орталық Азиядағы түркітілдес республикалар үшін орасан зор мәдени-гуманитарлық маңызы бар және әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерді заманауи талаптарға бейімдеуге, олардың көпұлтты қоғамдар үшін тәжірибелік бейімделуін арттыруға арналғанын айтты.
"Мұндай жобаға Үлкен Еуразияның әртүрлі аумағындағы университеттер, сондай-ақ ғылыми-зерттеу және талдау орталықтары әрқашан қызығушылық танытатыны сөзсіз. Тұжырымдаманы еуразиялық интеграция және оны қайта қарау аясында қазіргі түркітанушылық ой-танымды дамытудың жоспары ретінде қарастыру керек", - деп түйіндеді ол.
Тұжырымдама РЭК Алтай мемлекеттік университетіндегі "Үлкен Алтай" ғылыми-білім беру орталығында талқылаудың бірнеше сатысынан өтіп, Үлкен Алтай және Орталық Азия елдерінің жоғары оқу орындары ғалымдарының сараптамалық бағалауына ұсынылды. Түркітану саласында жұмыс істейтін түрлі ғылыми мектептер мен ғылыми-білім беру орталықтарының өкілдері құжатқа қатысты оң пікір білдірді.
Сондай-ақ сарапшылар қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі түркітану ғылымының орны мен Ресей мен Орталық Азия елдерінде түркітану саласында кәсіби кадр даярлау мәселелерін талқылады.
Жаңалықтар
0