https://sputnik.kz/20220922/zhanaozendik-darigerler-zhumys-27780028.html
Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілді қолдамаған әріптестерін соққыға жықты
Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілді қолдамаған әріптестерін соққыға жықты
Sputnik Қазақстан
Жедел жәрдем станцияларының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, 9 қыркүйекте ереуілдер бастаған болатын 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T14:12+0500
2022-09-22T14:12+0500
2022-09-22T14:12+0500
өңірлер
жаңаөзен
медицина
жұмыс
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:3213:1808_1920x0_80_0_0_7c30874089ad9c411ba74631dc8b7cd8.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жаңаөзендік медицина қызметкерлері жұмыстан шығып кеткен әріптестерінен қысым көріп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Inaktau.kz.Еске салсақ, жедел жәрдем станцияларының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, 9 қыркүйекте ереуілдер бастаған. 14 қыркүйекте жұмыс беруші ереуілді заңсыз деп тануды талап етіп, шеруге шыққандардың үстінен сотқа шағым түсірген.Сот шешімімен 11 адам жұмыстан шығарылды, 30 адам оларға қолдау ретінде өз еркімен қызметінен кетті. Алайда қызметінен босатылған қызметкерлер ереуіл кезінде жұмысын жалғастырған әріптестеріне қысым көрсете бастаған."Олар фельдшерлердің бірін ауысымынан шыққан соң соққыға жықты. Оның денесі көгеріп, қалалық ауруханаға түсті. Сондай-ақ кейбір қызметкерлердің үйінің терезелері сынған. Олар қысымнан құтылу үшін өз еркімен арыз жазған", - деп түсіндірді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмиров.Оның айтуынша, бұрынғы әріптестері еңбек демалысында немесе денсаулығына байланысты демалыста жүрген қызметкерлерді жұмыстан шығуға үгіттеп жатыр.Ақтауда медицина қызметкерлері ереуілге шықтыАқтауда жедел жәрдем қызметкерлері 11 қыркүйекте жұмысқа шықпаған. Олардың айтуынша, 40 мың теңге көлеміндегі қосымша төлем алынып тасталады делінген. Жедел жәрдем қызметкерлері жағдай реттелмейінше жұмысқа шықпайтынын айтты.Ереуілге байланысты ауруханалар шақыртуларды қабылдау үшін қосымша бригадалар асақтауға мәжбүр болды. Ақтауда 12 бригада және Жаңаөзенде 6 бригада құрылды. Басшылық сотқа жүгінді. Сот ереуіл заңсыз деген қорытындыға келдіү Өйткені наразылар митинг басталмай тұрып директорға ресми хат жолдауға тиіс болатын. Құжатта талаптары, митинг өткізілетін орны мен уақыты көрсетілуге тиіс еді.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0b/27476426_0:0:2433:1825_1920x0_80_0_0_437e8f3bc0bcdae27dd34d00f6f77c01.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, медицина, жұмыс
жаңаөзен, медицина, жұмыс
Жаңаөзенде жедел жәрдем қызметкерлері ереуілді қолдамаған әріптестерін соққыға жықты
Жедел жәрдем станцияларының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, 9 қыркүйекте ереуілдер бастаған болатын
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Жаңаөзендік медицина қызметкерлері жұмыстан шығып кеткен әріптестерінен қысым көріп жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды
Inaktau.kz.
Еске салсақ, жедел жәрдем станцияларының қызметкерлері жалақыны көтеруді талап етіп, 9 қыркүйекте ереуілдер бастаған. 14 қыркүйекте жұмыс беруші ереуілді заңсыз деп тануды талап етіп, шеруге шыққандардың үстінен сотқа шағым түсірген.
Сот шешімімен 11 адам жұмыстан шығарылды, 30 адам оларға қолдау ретінде өз еркімен қызметінен кетті. Алайда қызметінен босатылған қызметкерлер ереуіл кезінде жұмысын жалғастырған әріптестеріне қысым көрсете бастаған.
"Олар фельдшерлердің бірін ауысымынан шыққан соң соққыға жықты. Оның денесі көгеріп, қалалық ауруханаға түсті. Сондай-ақ кейбір қызметкерлердің үйінің терезелері сынған. Олар қысымнан құтылу үшін өз еркімен арыз жазған", - деп түсіндірді Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмиров.
Оның айтуынша, бұрынғы әріптестері еңбек демалысында немесе денсаулығына байланысты демалыста жүрген қызметкерлерді жұмыстан шығуға үгіттеп жатыр.
Ақтауда медицина қызметкерлері ереуілге шықты
Ақтауда жедел жәрдем қызметкерлері 11 қыркүйекте жұмысқа шықпаған. Олардың айтуынша, 40 мың теңге көлеміндегі қосымша төлем алынып тасталады делінген. Жедел жәрдем қызметкерлері жағдай реттелмейінше жұмысқа шықпайтынын айтты.
Ереуілге байланысты ауруханалар шақыртуларды қабылдау үшін қосымша бригадалар асақтауға мәжбүр болды. Ақтауда 12 бригада және Жаңаөзенде 6 бригада құрылды. Басшылық сотқа жүгінді. Сот ереуіл заңсыз деген қорытындыға келдіү Өйткені наразылар митинг басталмай тұрып директорға ресми хат жолдауға тиіс болатын. Құжатта талаптары, митинг өткізілетін орны мен уақыты көрсетілуге тиіс еді.