Сот бала өліміне күдікті қызға қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті

© Sputnik / Anar MustafayevАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
ТАЛДЫҚОРҒАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Талдықорғанда 3 жасар баланы ұрып-соғып, өлтірді деген күдікке ілінген 23 жастағы қызға қатысты бұлтартпау шарасы өзгертілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
12 қыркүйекте Талдықорғандағы ауруханалардың біріне соққыға жығылған үш жасар бала жеткізілді. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін істеді, өкінішке қарай бала көз жұмды. Полицейлер 23 жастағы қыздың анасы екеуі бала мен оның бір жасар бауырына бас-көз болғанын анықтады.
Бойжеткен алдымен уақытша ұстау изоляторына қамалды, бірақ артынша қалалық сот оны үйқамақта ұстауға санкция берді.
Ал прокуратура полицияның күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішін қолдап, сот шешіміне наразылық білдірді.
"Полицияның өтінішін қолдап, қылмыстың ауыр санатқа жататынын ескере отырып, біз бұл шешімге жеке наразылық білдірдік. Бүгін ол сотта қаралды. Күдікті қайтадан сот залында қамауға алынып, қала полициясының уақытша ұстау изоляторына орналастырылды", - деді Талдықорған қаласының прокуроры Бақытжан Әшеев.
Кішкентай бала - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Өңірлер
Талдықорғанда күтушіде болған 3 жасар бала көз жұмды – анасы не дейді
Жаңалықтар
0