Шымкентте студент жатақханада көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневНұр-Сұлтанда жас мұғалімдер тұратын жатақхана ашылды
Нұр-Сұлтанда жас мұғалімдер тұратын жатақхана ашылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Шымкенттегі жатақханада студент көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, 22 қыркүйекке қараған түні Әл-Фараби аудандық полиция бөлімшесіне жедел жәрдем бригадасынан хабар түсті. Колледж жатақханасында 1-курс студентінің мәйіті табылды.
Куәгерлердің айтуынша, бір студент жас жігітті кеудесінен, ал екіншісі иығынан ұрған. Ол кенеттен өзін нашар сезінді. Содан студенттер жедел жәрдем шақырған. Бірақ жас жігіт медицина қызметкерлері келгенше дейін көз жұмды.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Жаңалықтар
0