https://sputnik.kz/20220922/respublika-kuni-ministrlik-tusinikteme-27771030.html
Биыл Республика күні тойлана ма – министрлік түсініктемесі
Биыл Республика күні тойлана ма – министрлік түсініктемесі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Республика күні тойланады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T10:58+0500
2022-09-22T10:58+0500
2022-09-22T10:58+0500
республика
күн
министрлік
түсініктеме
https://sputnik.kz/img/old/1280/73/12807368_0:324:7361:4464_1920x0_80_0_0_ca489a8c02e78d03309e7dbfe349f29b.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Республика күні тойланады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Вице-министрдің айтуынша, биыл ұлттық мейрамды тойлау үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ. Республика бойынша халықаралық шаралар да өткізіледі. Жақын арада 25 қазанда өтетін мерекелік шаралардың жосары әзірленеді. Айта кетері, бүгін сенторлар Республика күнін қайтаруға арналған заңды қабылдады. Президент осы құжатқа қол қойғаннан кейін қазақстандықтар қайтадан 25 қазанды атап өтеді. Ол күні ресми демалыс болады. 2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.
https://sputnik.kz/20220922/senat-respublika-kunin-qaytarudy-qoldady-27768824.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1280/73/12807368_0:0:6549:4912_1920x0_80_0_0_5868a6568957a9579be0fc675ab75ed9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
республика, күн, министрлік, түсініктеме
республика, күн, министрлік, түсініктеме
Биыл Республика күні тойлана ма – министрлік түсініктемесі
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Биыл Республика күні тойланады. Бұл туралы мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, биыл ұлттық мейрамды тойлау үшін бюджеттен қосымша қаржы бөлудің қажеті жоқ.
"2022 жылға бөлінген бюджет қаражаты есебінен мерекелік шаралар өткізіледі. 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнІ бар, я болмаса, жыл ішіндегі шараларды Республика күні ұйымдастыру жоспарланып отыр. Негізгі мереке елордадағы "Астана Опера" театрында басталады", - деді Дәуешев сенаттың жалпы отырысында.
Республика бойынша халықаралық шаралар да өткізіледі. Жақын арада 25 қазанда өтетін мерекелік шаралардың жосары әзірленеді.
Айта кетері, бүгін сенторлар Республика күнін қайтаруға арналған заңды қабылдады. Президент осы құжатқа қол қойғаннан кейін қазақстандықтар қайтадан 25 қазанды атап өтеді. Ол күні ресми демалыс болады.
2009 жылы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 25 қазан – Республика күні ресми мерекелер тізімінен шығарылған болатын. Ал мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың отырысында бұрынғы мерекені қайтару қажеттігін мәлімдеді. Себебі дәл сол күні 1990 жылы Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды.