Қызылордада үш келіге жуық есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды

© Photo : Пресс-служба департамента полиции Алматы Подозреваемый в наручниках
Подозреваемый в наручниках - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
Қызылордада үш келіге жуық есірткі тасымалдаған жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция Қызылорда – Павлодар тас жолының 12-шақырымында жол ережесін бұзған Hyundai автокөлігі тоқтатты. Алайда жүргізуші ескертулерге мән бермей, автокөлікті тоқтатпай, жол жиегіне шығып қозғалысты жалғастырған.
Патрульдік полиция рота қызметкерлері трассаның 26-шақырымында автокөлікті тоқтатып, күдік тудырған автокөлікті тексеру барысында Елай атты қызметтік иттің көмегімен жүк салғышынан 3 полиэтилен пакетіне оралған өсімдік заттарын анықтады.
Сараптама қорытындысымен алынған заттың жалпы салмағы 2,7 келі кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.
Тексеру барысында автокөлікті тізгіндеген жүргізуші 35 жастағы астаналық тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.
Жаңалықтар
0