https://sputnik.kz/20220922/mashina-zhasau-salasyndagy-ondiris-kolemi-6-esege-osti--smayylov-27780404.html
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 6 есеге өсті – Смайылов
Машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 6 есеге өсті – Смайылов
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Индустрияландыру жылдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін көтерілді. Саланың өсімі соңғы... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T13:51+0500
2022-09-22T13:51+0500
2022-09-22T13:51+0500
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23721381_0:275:2690:1788_1920x0_80_0_0_c985a0e867166286c19b227d49e074c2.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Индустрияландыру жылдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін көтерілді. Саланың өсімі соңғы 3 жылда орта есеппен 20%-ды құрады. Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының X форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.Пленарлық отырыс аясында Әлихан Смайылов сұрақ-жауап сессиясына қатысты, онда үкімет басшысы машина жасау өнімдерін импорттау және шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі туралы өз пікірін білдірді.Сонымен қатар премьер-министр "Kazakhstan Machinery Fair" көрмесінің экспозициясымен танысты, онда 17 елдің 240-тан астам компаниясы өз өнімдері мен технологияларын ұсынды. Олар: Қазақстан, Австрия, Беларусь, Германия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Иран.Одан бөлек, Әлихан Смайылов Түркияның "MAKFED" машина жасау федерациясының төрағасы Аднан Далгакиранмен кездесті, онда үкімет басшысы түрік компанияларын белсенді түрде инвестиция салып, Қазақстанда өз өндірістерін ашуға шақырды."Біздің еліміз тәжірибесі мол түрік компанияларымен машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі", — деді премьер-министр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/19/23721381_0:0:2384:1788_1920x0_80_0_0_6674d31722b9f3f5522b190ef525cbf7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Индустрияландыру жылдарында машина жасаудағы өндіріс көлемі 6 есеге өсіп, 2,3 трлн теңгеге дейін көтерілді. Саланың өсімі соңғы 3 жылда орта есеппен 20%-ды құрады. Бұл туралы премьер-министрі Әлихан Смайылов Астанада өткен Қазақстан машина жасаушыларының X форумының пленарлық отырысында айтты, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
Пленарлық отырыс аясында Әлихан Смайылов сұрақ-жауап сессиясына қатысты, онда үкімет басшысы машина жасау өнімдерін импорттау және шетелдік компаниялардың Қазақстанға көшуі туралы өз пікірін білдірді.
"Бізде бүгінде экспортқа қарағанда импорттың үлесі басым. Бұл жағдай керісінше болуы керек. Мәселені шешу үшін жүйелі және кешенді шаралар қабылдау қажет. Машина жасау саласын дамытудың кешенді жоспары бағдарламалық құжатын әзірлеу және қабылдау туралы ойланатын кез келді. Себебі ұзақ мерзімді тәсілдер ғана осы бағытта айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді", — деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар премьер-министр "Kazakhstan Machinery Fair" көрмесінің экспозициясымен танысты, онда 17 елдің 240-тан астам компаниясы өз өнімдері мен технологияларын ұсынды. Олар: Қазақстан, Австрия, Беларусь, Германия, Дания, Израиль, Испания, Италия, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Франция, Чехия, Швейцария, Швеция, Оңтүстік Корея және Иран.
Одан бөлек, Әлихан Смайылов Түркияның "MAKFED" машина жасау федерациясының төрағасы Аднан Далгакиранмен кездесті, онда үкімет басшысы түрік компанияларын белсенді түрде инвестиция салып, Қазақстанда өз өндірістерін ашуға шақырды.
"Біздің еліміз тәжірибесі мол түрік компанияларымен машина жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі", — деді премьер-министр.