Коронавирус жұқтырғандар саны артты
08:24 22.09.2022 (жаңартылды: 08:33 22.09.2022)

© AFP 2024 / NATALIA KOLESNIKOVA
Жазылу
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 151 адамнан анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
Бір күн бұрын 116 науқас тіркелген болатын.
Өңірлердегі статистика:
Астанада – 16,
Алматыда – 13,
Шымкентте – 1,
Ақмола облысында – 35,
Ақтөбе облысында – 9,
Алматы облысында – 1,
Жетісу облысында – 2,
Атырау облысында – 2,
Шығыс Қазақстан облысында – 8,
Абай облысында – 4,
Жамбыл облысында – 1,
Батыс Қазақстан облысында – 10,
Қарағанды облысында – 12,
Ұлытау облысында – 4,
Қостанай облысында – 14,
Қызылорда облысында – 0,
Маңғыстау облысында – 1,
Павлодар облысында – 5,
Солтүстік Қазақстан облысында – 11,
Түркістан облысында – 2.
2020 жылдың наурыз айынан бері елде барлығы 1 392 885 адам індетті жұқтырды.