Өңірлер

Досаев штатты қысқартуға кірісті – бір орынбасары қызметінен кетті

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды әкімдіктің Telegram-арнасы.
Әзірбаев өз еркімен қызметінен кетуге өтініш жазған.
" 21 қыркүйектен бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев өз қалауы бойынша қызметінен босатылды. Биыл наурыздағы жолдауында мемлекет басшысы облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктерінде мемлекеттік қызметшілерді оңтайландыруды тапсырған болатын", - делінген ресми хабарламада.
Мұхит Әзірбаев 2019 жылдың сәуір айынан бастап Алматы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. Ол құрылыс және энергетика мәселелеріне жауап берген болатын.
Жаңалықтар
0