https://sputnik.kz/20220922/astananyn-eldi-mekenderi-zhogary-zhyldamdyqty-internetke-qosyla-bastady-27794711.html
Астананың елді мекендері жоғары жылдамдықты интернетке қосыла бастады
Астананың елді мекендері жоғары жылдамдықты интернетке қосыла бастады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. "Көктал-2" жеке секторының тұрғындары Gpon технологиясы бойынша 500 Мбит/с-ке дейін жететін жылдамдықпен цифрлық теледидар мен... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T21:56+0500
2022-09-22T21:56+0500
2022-09-22T21:56+0500
астана
интернет
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/15/18467051_0:0:1921:1080_1920x0_80_0_0_150d28e1a5fe4a91bfdff46dd05039f5.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. "Көктал-2" жеке секторының тұрғындары Gpon технологиясы бойынша 500 Мбит/с-ке дейін жететін жылдамдықпен цифрлық теледидар мен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады. Бұл елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен "Kazakh Home Networks" ЖШС (ТМ Almaline) бірлескен жобасының арқасында іске асырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.Айта кетейік, аталған аудандағы сапасыз интернет мәселесі 8 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Бүгінде желілерді қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, жоғары жылдамдықты интернетке бірінші рет Баршын, Ұлытау, Саумалкөл, Құланөтпес, Айдарлы көшелерінің бойында тұратын Көктал 2-нің батыс бөлігінің тұрғындары қол жеткізеді. Алғашқы абоненттерді қосудың шамамен мерзімі қазан айының ортасы.Содан кейін жаңа тұрғындардың байланысы шығыс бағытта жүреді. "Көктал-2" талшықты-оптикалық байланыс желілерімен толық қамтуды қараша айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр. Аяқталған соң Көктал-1 және Агроқалашық аудандарында да осындай жұмыстар басталады.Айта кету керек, жеке сектор тұрғындарына тегін қосылу, икемді тарифтік жоспарлар және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/15/18467051_0:0:1707:1280_1920x0_80_0_0_2b91b025522d433adc6ef5d3e82fcef6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, интернет
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. "Көктал-2" жеке секторының тұрғындары Gpon технологиясы бойынша 500 Мбит/с-ке дейін жететін жылдамдықпен цифрлық теледидар мен жоғары жылдамдықты интернетке қосылатын болады.
Бұл елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы мен "Kazakh Home Networks" ЖШС (ТМ Almaline) бірлескен жобасының арқасында іске асырылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Айта кетейік, аталған аудандағы сапасыз интернет мәселесі 8 жылға жуық уақыт бойы шешімін таппаған. Бүгінде желілерді қосу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, жоғары жылдамдықты интернетке бірінші рет Баршын, Ұлытау, Саумалкөл, Құланөтпес, Айдарлы көшелерінің бойында тұратын Көктал 2-нің батыс бөлігінің тұрғындары қол жеткізеді. Алғашқы абоненттерді қосудың шамамен мерзімі қазан айының ортасы.
Содан кейін жаңа тұрғындардың байланысы шығыс бағытта жүреді. "Көктал-2" талшықты-оптикалық байланыс желілерімен толық қамтуды қараша айының ортасында аяқтау жоспарланып отыр. Аяқталған соң Көктал-1 және Агроқалашық аудандарында да осындай жұмыстар басталады.
Айта кету керек, жеке сектор тұрғындарына тегін қосылу, икемді тарифтік жоспарлар және жоғары қызмет көрсету деңгейі ұсынылады.