https://sputnik.kz/20220922/alem-putinnin-malimdemesin-qalay-qabyldady-27810332.html
Әлем Путиннің мәлімдемесін қалай қабылдады
Әлем Путиннің мәлімдемесін қалай қабылдады
Sputnik Қазақстан
БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде әлем саясаткерлері үшін президент Владимир Путиннің Ресейдегі ішінара мобилизациялау туралы жариялауы күтпеген жаңалық болды. Бұл... 22.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-22T18:08+0500
2022-09-22T18:08+0500
2022-09-23T13:08+0500
бұұ
https://sputnik.kz/img/07e6/09/14/27729514_0:75:2823:1663_1920x0_80_0_0_5b7e9069a6ac2fbc409347b360ab9110.jpg
БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде әлем саясаткерлері үшін президент Владимир Путиннің Ресейдегі ішінара мобилизациялау туралы жариялауы күтпеген жаңалық болды. Бұл хабар Украинаның азат етілген аумақтарында референдум өткізу туралы ақпаратпен ұштаса түсті. Сондықтан мұның барлығы БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралуы тиісті мәселелерді кейінгі орынға ысырғандай болды, деп жазды РИА Новости.Ресейдегі жаңалықтарға байланысты спичрайтерлер Джо Байденнің БҰҰ мінберінде сөйлеуі тиісті сөздеріне тез арада өзгертулер енгізіп, оған Ресейді "агрессия" үшін сынға алу енгізілді. Байденнің Бас Ассамблеяда бяндама жасауының қарсаңында The Washington Post басылымы оған Украинаға қатысты Путинге "қатаң сөгіс жариялауға" кеңес берді. Ал Байден Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі екенін. Осыған қарамастан арнайы әскери операция арқылы "БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаларын бұзғанын" ескертті. Америкалықтар осыны пайдалана отырып, Қауіпсіздік кеңесіне тағы басқа елді қосу арқылы оның тұрақты және тұрақты емес мүшелерінің санын арттыруды көздеп отыр."Вашингтон режимі Қауіпсіздік кеңесіне өзімен пікірлес мемлекетті мүше етуді қалайды. Ол кандидаттар қатарында Германия бар. Олаф Шольц бұл идеяға ешқандай қарсы емес. Екінші үміткер – Жапония. Бірақ, бұл екі мемлекеттің де тарихтағы әскери қылмысы өте ауқымды. Сондықтан, кезінде Германия мен Жапониядан әбден зәбір көрген Ресей мен Қытай вето құқығын қолданып отыр", - деп жазды мақала авторы. Сондай-ақ Байден "Ресейге ешкім қауіп төндірген жоқ және Ресейден басқа ешкім қақтығысты көздеген жоқ" деген ойын қайталады. Мақала авторының пікірінше, америкалықтардың украин аумағына миллиардтар бағыттауын, тонналап қару-жарақ жеткізуін, Украина Қарулы күштері әскерилерін жаттықтыруын, барлау мәліметтерімен қамтамасыз етуін, өздерінің әскерилерін "жалдамалы жауынгерлер" ретінде аттандыруын Ресейге төнген қауіпсіздік деп қарастырмаса болмайды.Байден баяндамасында Қытайға қатысты бейбіт сипаттағы мәлімдемелер айтылды. Дегенмен, бүкіл әлем америкалық көшбасшы сөз сөйлеу кезінде Бейжіңге соғыс жариялағандай қатты сынға алады деп күткен болатын. Бірақ, Бас Ассамблеяда ресейліктердің мәселесі маңызды болды. Сондықтан Байден "адам құқықтарының сақталуы" туралы бірер сөз айтып, тоқетерінде "АҚШ Қытаймен қақтығысты қаламайтынын" жеткізді.Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли "Біз ешқашан Ресейге қысым көрсеткен емеспіз, оның аймақтық біртұтастығына қауіп төндірмедік" деген мәлімдемесе жасады. Ал Бен Уоллес ішінара мобилизациялауды "Украинадағы арнайы әскери операцияның тығырыққа тірелгені" деп бағалады.Алайда, үш күннен соң, яғни референдумдар өткеннен кейін 113 мың шаршы километр аумақтағы миллиондаған адам Ресейге қосылады. Ресейдің қорғаныс министрі ресейлік әскерилер арасындағы адам шығыны алты мыңнан аз болса, Украина Қарулы күштерінде бұл көрсеткіш 60 мыңнан асып тұрғанын айтты.Ресей президентінің мәлімдемесіне әсіресе еуропалықтар қатты алаңдаушылық білдірді. Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон ішінара мобилизациялау туралы шешім "қателік" екенін айтты. Ал неміс канцлері Олаф Шольц оны "шарасыздық қадамы" деп атады. Еуроодақ өкілі Жозеп Боррель арнайы әскери операцияға қатысы бар барлық ресейлікті соттау қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді референдумдар, мобилизациялау және жалпы осы мәселелер аясында кезекті санкциялар пакеті күтіп тұрған сыңайлы."Бастапқыдан-ақ осы жолғы БҰҰ Бас Ассамблеясының түпкі мақсаты Ресейді жария "жазалау" болатын. Вашингтон Ресей-Украина қақтығысында бейтараптылықты ұстанып келе жатқан мемлекеттерді өз жағына шығаруды көздеді. Алайда Мәскеуден жеткен күтпеген жаңалықтар ахуалды біршама өзгертті", - деп жазды автор.Нью-Йоркке келген Мексика сыртқы істер министрі Марсело Эбрард ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарына берік екенін растады. Мексика билігі Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайтынын жеткізді.Бразилия президенті Жаир Болсонару Бас Ассамблеяда дәл осындай мәнде сөз сөйледі. Ол Батыс елдерінен диалог пен қақтығыстарды шешуге араласпауды талап етіп, сондай-ақ "бірполярлық" санкцияларды қатаң сынға алды.Ресми Қытай да келіссөз жүргізуге және қақтығысты реттеуге шақырады. Бір қызығы, Путин сөзінен кейін бірден Си Цзиньпин қытайлық әскерилерге, яғни ұлттық қорғаныс жөніндегі семинарға қатысушыларға армияны соғыс қимылдарына дайындауға шақырды.Қытайлық саясаттанушылар Путиннің ішінара мобилизация туралы шешіміне түсіністікпен қарайды. Бірақ бұл келіссөз құру идеясын мәнсіз етіп, сөзсіз ұзаққа созылған қақтығысқа әкелетінін мойындайды. Ал соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, оның барысы мен салдары соғұрлым тосын болуы ықтимал.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/14/27729514_121:43:2794:2048_1920x0_80_0_0_f90b82ed83b67196d13250722b6d9b55.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ
БҰҰ Бас Ассамблеясы кезінде әлем саясаткерлері үшін президент Владимир Путиннің Ресейдегі ішінара мобилизациялау туралы жариялауы күтпеген жаңалық болды. Бұл хабар Украинаның азат етілген аумақтарында референдум өткізу туралы ақпаратпен ұштаса түсті. Сондықтан мұның барлығы БҰҰ Бас Ассамблеясында қаралуы тиісті мәселелерді кейінгі орынға ысырғандай болды, деп жазды
РИА Новости.Ресейдегі жаңалықтарға байланысты спичрайтерлер Джо Байденнің БҰҰ мінберінде сөйлеуі тиісті сөздеріне тез арада өзгертулер енгізіп, оған Ресейді "агрессия" үшін сынға алу енгізілді. Байденнің Бас Ассамблеяда бяндама жасауының қарсаңында The Washington Post басылымы оған Украинаға қатысты Путинге "қатаң сөгіс жариялауға" кеңес берді. Ал Байден Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі екенін. Осыған қарамастан арнайы әскери операция арқылы "БҰҰ Жарғысының негізгі қағидаларын бұзғанын" ескертті. Америкалықтар осыны пайдалана отырып, Қауіпсіздік кеңесіне тағы басқа елді қосу арқылы оның тұрақты және тұрақты емес мүшелерінің санын арттыруды көздеп отыр.
"Вашингтон режимі Қауіпсіздік кеңесіне өзімен пікірлес мемлекетті мүше етуді қалайды. Ол кандидаттар қатарында Германия бар. Олаф Шольц бұл идеяға ешқандай қарсы емес. Екінші үміткер – Жапония. Бірақ, бұл екі мемлекеттің де тарихтағы әскери қылмысы өте ауқымды. Сондықтан, кезінде Германия мен Жапониядан әбден зәбір көрген Ресей мен Қытай вето құқығын қолданып отыр", - деп жазды мақала авторы.
Сондай-ақ Байден "Ресейге ешкім қауіп төндірген жоқ және Ресейден басқа ешкім қақтығысты көздеген жоқ" деген ойын қайталады. Мақала авторының пікірінше, америкалықтардың украин аумағына миллиардтар бағыттауын, тонналап қару-жарақ жеткізуін, Украина Қарулы күштері әскерилерін жаттықтыруын, барлау мәліметтерімен қамтамасыз етуін, өздерінің әскерилерін "жалдамалы жауынгерлер" ретінде аттандыруын Ресейге төнген қауіпсіздік деп қарастырмаса болмайды.
Байден баяндамасында Қытайға қатысты бейбіт сипаттағы мәлімдемелер айтылды. Дегенмен, бүкіл әлем америкалық көшбасшы сөз сөйлеу кезінде Бейжіңге соғыс жариялағандай қатты сынға алады деп күткен болатын. Бірақ, Бас Ассамблеяда ресейліктердің мәселесі маңызды болды. Сондықтан Байден "адам құқықтарының сақталуы" туралы бірер сөз айтып, тоқетерінде "АҚШ Қытаймен қақтығысты қаламайтынын" жеткізді.
Ұлыбритания сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли "Біз ешқашан Ресейге қысым көрсеткен емеспіз, оның аймақтық біртұтастығына қауіп төндірмедік" деген мәлімдемесе жасады. Ал Бен Уоллес ішінара мобилизациялауды "Украинадағы арнайы әскери операцияның тығырыққа тірелгені" деп бағалады.
Алайда, үш күннен соң, яғни референдумдар өткеннен кейін 113 мың шаршы километр аумақтағы миллиондаған адам Ресейге қосылады. Ресейдің қорғаныс министрі ресейлік әскерилер арасындағы адам шығыны алты мыңнан аз болса, Украина Қарулы күштерінде бұл көрсеткіш 60 мыңнан асып тұрғанын айтты.
Ресей президентінің мәлімдемесіне әсіресе еуропалықтар қатты алаңдаушылық білдірді. Франция көшбасшысы Эммануэль Макрон ішінара мобилизациялау туралы шешім "қателік" екенін айтты. Ал неміс канцлері Олаф Шольц оны "шарасыздық қадамы" деп атады. Еуроодақ өкілі Жозеп Боррель арнайы әскери операцияға қатысы бар барлық ресейлікті соттау қажет екенін мәлімдеді. Сонымен қатар Ресейді референдумдар, мобилизациялау және жалпы осы мәселелер аясында кезекті санкциялар пакеті күтіп тұрған сыңайлы.
"Бастапқыдан-ақ осы жолғы БҰҰ Бас Ассамблеясының түпкі мақсаты Ресейді жария "жазалау" болатын. Вашингтон Ресей-Украина қақтығысында бейтараптылықты ұстанып келе жатқан мемлекеттерді өз жағына шығаруды көздеді. Алайда Мәскеуден жеткен күтпеген жаңалықтар ахуалды біршама өзгертті", - деп жазды автор.
Нью-Йоркке келген Мексика сыртқы істер министрі Марсело Эбрард ел президенті Андрес Мануэль Лопес Обрадор Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу жоспарына берік екенін растады. Мексика билігі Ресейге қарсы санкцияларды қолдамайтынын жеткізді.
Бразилия президенті Жаир Болсонару Бас Ассамблеяда дәл осындай мәнде сөз сөйледі. Ол Батыс елдерінен диалог пен қақтығыстарды шешуге араласпауды талап етіп, сондай-ақ "бірполярлық" санкцияларды қатаң сынға алды.
Ресми Қытай да келіссөз жүргізуге және қақтығысты реттеуге шақырады. Бір қызығы, Путин сөзінен кейін бірден Си Цзиньпин қытайлық әскерилерге, яғни ұлттық қорғаныс жөніндегі семинарға қатысушыларға армияны соғыс қимылдарына дайындауға шақырды.
Қытайлық саясаттанушылар Путиннің ішінара мобилизация туралы шешіміне түсіністікпен қарайды. Бірақ бұл келіссөз құру идеясын мәнсіз етіп, сөзсіз ұзаққа созылған қақтығысқа әкелетінін мойындайды. Ал соғыс неғұрлым ұзаққа созылса, оның барысы мен салдары соғұрлым тосын болуы ықтимал.