Экономика

Жамаубаев қаржы министрлігінде жемқорлар неге көп екенін түсіндірді

© Sputnik / Абзал КалиевАқша, теңге
Ақша, теңге - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзі басқаратын ведомствода жемқорлық қылмысы неге көп тіркелгенін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін Ranking.kz жемқорларға "бай" министрліктерді атаған еді. Осы жылдың сегіз айында министрліктердің 111 қызметкері сыбайлас жемқорлық үшін ұсталған.
Антилидерлердің көшін қаржы министрлігі бастап тұр: 33 қызметкер жемқорлыққа барған. Жылдық өсім - 6,5%. Бүгін үкімет кулуарында журналистер Жамаубаевтан қарамағындағы қызметкерлердің жемқорлыққа неге жиі баратынын сұрады.
"Өздеріңіз білесіздер, жалпы әкімшілік қызметте істейтін министрліктердің ішінде біздің министрлік ең үлкені. Яғни құқыққорғау органдарын алмасақ, қаржы министрлігінің қызметкерлері барлық мемлекеттік қызметкердің 25 пайызын құрайды. Сол статистиканы адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз", - деді ол.
Айтуынша, ведомствоның тиісті органдарына ескертулер жасалды. Бүкіл өңірмен жұмыс атқарылып жатыр.
"Әрине, бұл статистика ешкімге жақсылық әкелмейді. Бірақ айналып келгенде кешенді түрде жұмыстар жүргізіп жатырмыз", - деп сендірді вице-премьер.
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қоғам
Тоқаев жемқорлық жайлы: министрлік пен әкімдер жауап беруі керек
Жаңалықтар
0