https://sputnik.kz/20220921/ukimet-basshysy-akimderge-tapsyrma-berdi-27750102.html
Үкімет басшысы әкімдерге тапсырма берді
Үкімет басшысы әкімдерге тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T21:54+0500
2022-09-21T21:54+0500
2022-09-21T21:54+0500
су тасқыны
әлихан смайылов
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27055975_0:206:3073:1934_1920x0_80_0_0_669966d9bd5c875c218f2db9ee9631f1.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының мол ағуы екенін айтты. Бұл орайда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу арқылы ғана төтенше жағдайтуындау тәуекелін төмендетуге болады.Оның айтуынша, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне түзету енгізілді, олардың саны 1 046-ға дейін артты. Сонымен қатар әкімдіктер тиісті іс-шараларды қаржыландыру мәселесін елемей отыр, осыған байланысты іс-шаралар уақытылы орындалмай қалуы мүмкін.Өңірлерде жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндады.Премьер-министр Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды."Келесі көктемде су тасқынына дайын болу үшін қазірден-ақ қомақты қаржы шығындарын қажет етпейтін алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту, қорғау бөгеттерін салу және гидротехникалық құрылыстарды дайындау жұмыстарына баса назар аудару керек. Жалпы өңір әкімдері су тасқынының зардаптарын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс", — деді үкімет басшысы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/1a/27055975_153:0:2884:2048_1920x0_80_0_0_f1b090b19a840fbce2f67cf5f5b66037.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
су тасқыны, әлихан смайылов
су тасқыны, әлихан смайылов
Үкімет басшысы әкімдерге тапсырма берді
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынына қарсы іс-шаралардың жол картасын іске асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз
қызметіне сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биылғы көктемде елді мекендерді су басудың негізгі себебі егістіктерден еріген қар мен жаңбыр суларының мол ағуы екенін айтты. Бұл орайда су тасқынына қарсы іс-шараларды уақытылы жүргізу арқылы ғана төтенше жағдайтуындау тәуекелін төмендетуге болады.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта су тасқыны қаупі бар елді мекендердің тізіміне түзету енгізілді, олардың саны 1 046-ға дейін артты. Сонымен қатар әкімдіктер тиісті іс-шараларды қаржыландыру мәселесін елемей отыр, осыған байланысты іс-шаралар уақытылы орындалмай қалуы мүмкін.
Өңірлерде жол картасы іс-шараларының іске асырылу барысы туралы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев және Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов баяндады.
Премьер-министр Жол картасының осы жылға арналған іс-шараларын іске асыру жөніндегі жұмыстарды аяқтауды жеделдетуді, су басып қалатын қауіпті жерлерді ғимараттар салуға беріп қоймау үшін оларды судан қорғау белдеулеріне уақытылы ауыстыруды қамтамасыз етуді, сондай-ақ тиісті құрылыс нормалары мен ережелерінде жауын-шашын кәріздері жүйелерінің өткізу қабілеті нормаларын қайта қарауды тапсырды.
"Келесі көктемде су тасқынына дайын болу үшін қазірден-ақ қомақты қаржы шығындарын қажет етпейтін алдын алу жұмыстарын жүргізу керек. Яғни өзен арналарын, арықтар мен каналдарды, дренаж жүйелерін тазарту, қорғау бөгеттерін салу және гидротехникалық құрылыстарды дайындау жұмыстарына баса назар аудару керек. Жалпы өңір әкімдері су тасқынының зардаптарын азайту мәселелерін жеке бақылауда ұстауы тиіс", — деді үкімет басшысы.