https://sputnik.kz/20220921/soltustik-qazaqstanda-komir-tasymaldaushylar-bagany-eki-esege-osirip-zhiberdi-27732644.html
Солтүстік Қазақстанда көмір тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберді
Солтүстік Қазақстанда көмір тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көмірді көлікпен жеткізу құны қымбаттады. Тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберген. 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T07:33+0500
2022-09-21T07:33+0500
2022-09-21T07:33+0500
көмір
https://sputnik.kz/img/442/80/4428031_0:72:3072:1800_1920x0_80_0_0_6a4aee1c4c47b5437a0276813d573580.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көмірді көлікпен жеткізу құны қымбаттады. Тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберген.Енді тұрғындар қымбатшылық кесірінен қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқады. Бұл туралы КТК хабарлады.Әкімдік ақпаратына сенсек, аймақтағы жеке сектордағы халықтың жартысы көмірмен қамтылыпты. Шұбаркөлдің көміріне сұраныс жоғары. Петропавл шетіндегі қоймада отынға кезекте тұрған көлік көп. Жүргізушілер көмірдің тиелуін күтіп сағаттап тұрамыз деп шағымданады. Сондықтан тасымал бағасын қымбаттауға мәжбүр. Тұрғындардың шағымынан соң, отын тасымалына қатысты дауға аймақ басшысының өзі араласты."Тасымалға кететін шығынды есептеу оңай. Оны көлікке тиеу мен түсіруі бар. Қаладан 15-20 шақырым қашықтыққа жүк тасу қанша ақшаға шығатынын да білемін. Сондықтан көмір тасымалы құнына қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отыру керек. Бақылауды күшейтіңдер", - деп тапсырды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/442/80/4428031_341:0:3072:2048_1920x0_80_0_0_56e9827f40c196bee10097e292fa2cf4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көмір
Солтүстік Қазақстанда көмір тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберді
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында көмірді көлікпен жеткізу құны қымбаттады. Тасымалдаушылар бағаны екі есеге өсіріп жіберген.
Енді тұрғындар қымбатшылық кесірінен қыста жылусыз қаламыз ба деп қорқады. Бұл туралы
КТК хабарлады.
"Бескөлдің қаламен арасы 15 шақырым ғана. Осының өзіне көмір жеткізу бағасын шарықтатып жіберді. Былтыр жай жүк көлігіне 8 мың, ЗИЛ-ға 10 мың теңге төлейтін едік. Ал биыл көмір тасуға 15 мыңнан 20 мың теңгеге дейін сұрайды. Бұл ақшаны да азсынады", - дейді Бескөл ауылының тұрғыны Анастасия Саратовцева.
Әкімдік ақпаратына сенсек, аймақтағы жеке сектордағы халықтың жартысы көмірмен қамтылыпты. Шұбаркөлдің көміріне сұраныс жоғары. Петропавл шетіндегі қоймада отынға кезекте тұрған көлік көп. Жүргізушілер көмірдің тиелуін күтіп сағаттап тұрамыз деп шағымданады. Сондықтан тасымал бағасын қымбаттауға мәжбүр. Тұрғындардың шағымынан соң, отын тасымалына қатысты дауға аймақ басшысының өзі араласты.
"Тасымалға кететін шығынды есептеу оңай. Оны көлікке тиеу мен түсіруі бар. Қаладан 15-20 шақырым қашықтыққа жүк тасу қанша ақшаға шығатынын да білемін. Сондықтан көмір тасымалы құнына қатысты үнемі мониторинг жүргізіп отыру керек. Бақылауды күшейтіңдер", - деп тапсырды СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.