https://sputnik.kz/20220921/reseyge-qosylu-turaly-referendum-batysta-qyzu-talqylanyp-zhatyr-27748749.html
Ресейге қосылу туралы референдум Батыста қызу талқыланып жатыр
Ресейге қосылу туралы референдум Батыста қызу талқыланып жатыр
Sputnik Қазақстан
Кеше кешке Франция президенті Владимир Путинмен шұғыл телефон арқылы сөйлесуге ұсыныс жолдады. Бірақ, бұл ұсыныс қабыл болмады. Эммануэль Макрон ресейлік... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T19:55+0500
2022-09-21T19:55+0500
2022-10-11T09:56+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27822283_0:282:3139:2048_1920x0_80_0_0_988a4511e835f1bec07c911f7c61b878.jpg
Кеше кешке Франция президенті Владимир Путинмен шұғыл телефон арқылы сөйлесуге ұсыныс жолдады. Бірақ, бұл ұсыныс қабыл болмады. Эммануэль Макрон ресейлік президентпен алдағы жұмыс күндері байланысу мүмкін болады деп үміттенетінін жеткізді, деп жазды РИА Новости.Ал Украина президенті Владимир Зеленский жедел түрде Түркияның мемлекет басшысы Режеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар, Жозеп Боррель, Олаф Шольц, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, НАТО және тағы басқалар да Ресейді сынға алып, жаңа санкциялар қабылдауға уәде етті.Мұндай дүрлігістің себебі белгілі – Донецк және Луганск Халық Республикалары, Запорожье мен Херсон облыстарында Ресейге қосылу бойынша референдумдарды ұйымдастырудағы қарқын.Дүйсенбі күні барлық төрт облыстың өкілетті және атқарушы органдарында осы мәселе қозғалып, кеше қажетті шешімдерді рәсімдеу бойынша ресми рәсімдер өтті. Плебисциттерді өткізу күні 23 қыркүйекте басталып, 27 қыркүйекке дейін жалғасатыны ең қызу талқыланған тақырып болды.Өз тарапынан Ресейдің мемлекеттік құрылымдары Украинаның бұрынғы өңірлерінің бұл бастамасын қолдауға толық дайын екендерін көрсетті. Ресейдегі Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев референдумды сөзсіз қолдайтындарын мәлімдеді. Ресейлік орталық сайлау комисссиясы тиісті аумақтардағы адамдар арасында дауыс беруді ұйымдастыруға көмектесуге, сондай-ақ шара өтетін аймақтарға бақылаушыларды жіберуге дайындалып жатыр."Соңғы аптада Украина Қарулы күштерінің елді мекендерде оқ атуы жиілеп кетті. Дүйсенбіде Донцекте Бакинские Комиссары алаңында 13 адам, ЛХР-дағы Краснореченск ауылында жеті адам, соның ішінде үш бала өлтірілді. Бұған дейін бір күн бұрын жаппай жасалған соққы салдарынан тоғыз бейбіт тұрғын көз жұмды. Херсон мен Мелитопольдегі жағдай да мәз емес", - деп жазды мақала авторы. Мақала авторының пікірінше, бұл оқ атулардың ешқандай әскери мәні жоқ, керісінше, ол жазалау, террористік сипатта болып отыр. Тарихтың еншісінде қалатын бұл жағдай бойынша болашақта әлеуметтік псизологтар мен тарихшылар Батыстың тікелей ықпалында болған мемлекет неге өз халқына қарсы оқ атқанын анықтайтын болады.Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы халыққа қысым көрсетіп жатқан тарапқа тойтарыс беріп, елді демилитаризациялау болатын. Бұл процесс баяу болса да әлі жүріп жатыр. Мұндай стратегияны жүзеге асыруға арналған ауқымды сяасижәне әскери-саяси себептер жетерлік. Оның дұрыс екенін күні кеше Самарқандта өткен саммитте Владимир Путин кезекті рет растады.Арнайы әскери операция аясындағы қазіргі ахуалға баға берген Батыстағылар Украинаның басым түсетініне сенімі артқан сыңайлы. Дегенмен, Ресей үнемі асимметриялы әрі тосын әрекеттер жасауға дағдыланған. Сондықтан, алдағы күндері Пентагон және басқа да батыс елдеріндегі аналитиктер мен штаб қызметкерлері референдумдар мен басқа да саяси өзгерістер арнайы әскери операциядағы Мәскеу стартегиясы мен тактикасына қалай әсер ететіні, Украина Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалы әскерилерді қандай "тосынсый" күтіп тұрғаны және Ресей Қарулы күштері қандай әрекетке көшетіні туралы болжам жасауына тура келеді.Талқылауға жататын мәселелер ауқымы өте кең. Мысалы, Запорожье облысы тәуелсіздігін жариялап, өз әкімшілік шекарасында Ресейдің құрамына кіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Тиісінше, аймақ Ресей Федерациясының субъектісі болып танылған кезде оның аумағында орналасқан украиналық және шетелдік әскери бөлімшелер өте қиын жағдайға тап болады.Жағдайдың күтпеген бағытта өрбіп жатқанын сезген АҚШ пен ЕО шенеуніктері алдын ала белгілі мәлімдемелер жасап жатыр. Бірақ, бұл мәлімдемелер осыдан сегіз жарым жыл бұрын Қырымдағы референдумға байланысты айтылып қойған. Бірақ ол кездегі Батыс пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың сапасы мен деңгейін қазіргімен салыстыруға келмейді.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27822283_186:0:2917:2048_1920x0_80_0_0_3212d2c8d7f79526651a1da0ed3fff75.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Кеше кешке Франция президенті Владимир Путинмен шұғыл телефон арқылы сөйлесуге ұсыныс жолдады. Бірақ, бұл ұсыныс қабыл болмады. Эммануэль Макрон ресейлік президентпен алдағы жұмыс күндері байланысу мүмкін болады деп үміттенетінін жеткізді, деп жазды
РИА Новости.Ал Украина президенті Владимир Зеленский жедел түрде Түркияның мемлекет басшысы Режеп Тайып Эрдоғанмен телефон арқылы сөйлесті. Сонымен қатар, Жозеп Боррель, Олаф Шольц, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті, НАТО және тағы басқалар да Ресейді сынға алып, жаңа санкциялар қабылдауға уәде етті.
Мұндай дүрлігістің себебі белгілі – Донецк және Луганск Халық Республикалары, Запорожье мен Херсон облыстарында Ресейге қосылу бойынша референдумдарды ұйымдастырудағы қарқын.
Дүйсенбі күні барлық төрт облыстың өкілетті және атқарушы органдарында осы мәселе қозғалып, кеше қажетті шешімдерді рәсімдеу бойынша ресми рәсімдер өтті. Плебисциттерді өткізу күні 23 қыркүйекте басталып, 27 қыркүйекке дейін жалғасатыны ең қызу талқыланған тақырып болды.
Өз тарапынан Ресейдің мемлекеттік құрылымдары Украинаның бұрынғы өңірлерінің бұл бастамасын қолдауға толық дайын екендерін көрсетті. Ресейдегі Мемлекеттік Дума спикері Вячеслав Володин мен Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев референдумды сөзсіз қолдайтындарын мәлімдеді. Ресейлік орталық сайлау комисссиясы тиісті аумақтардағы адамдар арасында дауыс беруді ұйымдастыруға көмектесуге, сондай-ақ шара өтетін аймақтарға бақылаушыларды жіберуге дайындалып жатыр.
"Соңғы аптада Украина Қарулы күштерінің елді мекендерде оқ атуы жиілеп кетті. Дүйсенбіде Донцекте Бакинские Комиссары алаңында 13 адам, ЛХР-дағы Краснореченск ауылында жеті адам, соның ішінде үш бала өлтірілді. Бұған дейін бір күн бұрын жаппай жасалған соққы салдарынан тоғыз бейбіт тұрғын көз жұмды. Херсон мен Мелитопольдегі жағдай да мәз емес", - деп жазды мақала авторы.
Мақала авторының пікірінше, бұл оқ атулардың ешқандай әскери мәні жоқ, керісінше, ол жазалау, террористік сипатта болып отыр. Тарихтың еншісінде қалатын бұл жағдай бойынша болашақта әлеуметтік псизологтар мен тарихшылар Батыстың тікелей ықпалында болған мемлекет неге өз халқына қарсы оқ атқанын анықтайтын болады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы халыққа қысым көрсетіп жатқан тарапқа тойтарыс беріп, елді демилитаризациялау болатын. Бұл процесс баяу болса да әлі жүріп жатыр. Мұндай стратегияны жүзеге асыруға арналған ауқымды сяасижәне әскери-саяси себептер жетерлік. Оның дұрыс екенін күні кеше Самарқандта өткен саммитте Владимир Путин кезекті рет растады.
Арнайы әскери операция аясындағы қазіргі ахуалға баға берген Батыстағылар Украинаның басым түсетініне сенімі артқан сыңайлы. Дегенмен, Ресей үнемі асимметриялы әрі тосын әрекеттер жасауға дағдыланған. Сондықтан, алдағы күндері Пентагон және басқа да батыс елдеріндегі аналитиктер мен штаб қызметкерлері референдумдар мен басқа да саяси өзгерістер арнайы әскери операциядағы Мәскеу стартегиясы мен тактикасына қалай әсер ететіні, Украина Қарулы күштері мен шетелдік жалдамалы әскерилерді қандай "тосынсый" күтіп тұрғаны және Ресей Қарулы күштері қандай әрекетке көшетіні туралы болжам жасауына тура келеді.
Талқылауға жататын мәселелер ауқымы өте кең. Мысалы, Запорожье облысы тәуелсіздігін жариялап, өз әкімшілік шекарасында Ресейдің құрамына кіруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. Тиісінше, аймақ Ресей Федерациясының субъектісі болып танылған кезде оның аумағында орналасқан украиналық және шетелдік әскери бөлімшелер өте қиын жағдайға тап болады.
Жағдайдың күтпеген бағытта өрбіп жатқанын сезген АҚШ пен ЕО шенеуніктері алдын ала белгілі мәлімдемелер жасап жатыр. Бірақ, бұл мәлімдемелер осыдан сегіз жарым жыл бұрын Қырымдағы референдумға байланысты айтылып қойған. Бірақ ол кездегі Батыс пен Мәскеу арасындағы қарым-қатынастың сапасы мен деңгейін қазіргімен салыстыруға келмейді.