https://sputnik.kz/20220921/qayrat-satybaldynyn-isi-kolik-qyzmeti-ortalygy-aq-mediativti-kelisimin-keri-qaytardy-27747488.html
Қайрат Сатыбалдының ісі: "Көлік қызметі орталығы" АҚ медиативті келісімін кері қайтарды
Қайрат Сатыбалдының ісі: "Көлік қызметі орталығы" АҚ медиативті келісімін кері қайтарды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. "Көлік қызметі орталығы" акционерлік қоғамы Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша медиативті келісімін кері қайтарды, деп хабарлайды... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T16:04+0500
2022-09-21T16:04+0500
2022-09-21T16:04+0500
сот
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:117:4990:2923_1920x0_80_0_0_3ed324ecf858ed2918d096cef0eac3b4.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. "Көлік қызметі орталығы" акционерлік қоғамы Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша медиативті келісімін кері қайтарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Кешегі сот отырысында Қайрат Сатыбалдының "Көлік қызметі орталығы" компаниясына 28 млрд теңгені, "Қазақтелеком" компаниясына 12 млрд теңгені өтеп бергені туралы айтылды. Сондай-ақ, айыпталушы медиативті келісім жасаған. Бүгін көлік қызметі орталығы өз келісімін кері қайтарғаны белгілі болды. Ал компания адвокаты Жандосовтың айтуынша, басшылық медиативті келісім бойынша соңғы шешім қабылдаған жоқ. Ал көлік қызметі орталығына келген шығын толығымен өтелді, ақша компания есепшоттарында түскен. Прокурор Жангелді Есебаев процеске қатысушылар өз ұстанымын анықтауы тиіс деді. Сондықтан сот отырысын кейінге шегеруді сұрады. Судья процесті 22 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін шегерді. Айта кетері, сот отырысы онлайн-режимде өтіп жатыр. 20 қыркүйекте судья айыпталушылардың өтініші бойынша видео мен аудио жазбаны жүргізуге тыйым салды. Биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді. 24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден (500 миллион доллар) астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылған болатын. Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/583/86/5838670_0:581:4330:3828_1920x0_80_0_0_91696c9931b4d867e7a8b0d03d57f5c9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сот
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. "Көлік қызметі орталығы" акционерлік қоғамы Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша медиативті келісімін кері қайтарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Кешегі сот отырысында Қайрат Сатыбалдының "Көлік қызметі орталығы" компаниясына 28 млрд теңгені, "Қазақтелеком" компаниясына 12 млрд теңгені өтеп бергені туралы айтылды. Сондай-ақ, айыпталушы медиативті келісім жасаған. Бүгін көлік қызметі орталығы өз келісімін кері қайтарғаны белгілі болды.
"Көлік қызметі орталығы" АҚ-сы 2022 жылы 8 қыркүйекте сот медиация тәртібі бойынша рәсімделген татуласу және дау-дамайды реттеу туралы келісімдегі қолтаңбасын кері қайтарды. Сондай-ақ, осы келісімді жарамсыз деп тануды сұрайды. Осы өтінішті Сатыбалдыұлы, Мұхамбетжанұлы мен Бекетовке қатысты қылмыстық іс материалдарына тіркеуді сұраймын", – деді судья Нұрлан Баяхметов.
Ал компания адвокаты Жандосовтың айтуынша, басшылық медиативті келісім бойынша соңғы шешім қабылдаған жоқ. Ал көлік қызметі орталығына келген шығын толығымен өтелді, ақша компания есепшоттарында түскен. Прокурор Жангелді Есебаев процеске қатысушылар өз ұстанымын анықтауы тиіс деді. Сондықтан сот отырысын кейінге шегеруді сұрады. Судья процесті 22 қыркүйек сағат 17:00-ге дейін шегерді.
Айта кетері, сот отырысы онлайн-режимде өтіп жатыр. 20 қыркүйекте судья айыпталушылардың өтініші бойынша видео мен аудио жазбаны жүргізуге тыйым салды.
Биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді.
24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден (500 миллион доллар) астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылған болатын.
Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.