https://sputnik.kz/20220921/qant-qyzylshasyna-bolinetin-subsidiya-27745049.html
Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады
Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы ұлғайып, 40 мың теңгеге... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T14:36+0500
2022-09-21T14:36+0500
2022-09-21T14:36+0500
қант
субсидиялар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23836289_0:107:1280:827_1920x0_80_0_0_03ca41832dd36980f432ba3bb8c8b026.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы ұлғайып, 40 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Жетісу облысында қызылша өсіретін шаруашылық басшыларымен кездескен ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Бүгінде қант қызылшасын өсіруге кететін шығындар жыл сайын өсіп келеді.Шаруалардың айтуынша, былтыр бір гектарға 900 мың теңге жұмсалса, биыл шығындардың көлемі бір миллионға жетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша өсірушілердің өтініштерін ескере отырып, субсидия нормаларын арттырды. Осылайша, шикізатты қабылдау құны 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін көтерілді. Келесі жылы қайта өңдеуге тапсырылатын қант қызылшасын субсидиялауға, шамамен, 11,5 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар. Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады. Ал қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1e/23836289_141:0:1280:854_1920x0_80_0_0_ed83ad1faf2e967447301839f312939f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қант, субсидиялар
Қант қызылшасына бөлінетін субсидия артады
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Келесі жылдан бастап қайта өңдеуге тапсырылған қант қызылшасының бір тоннасын субсидиялау нормасы ұлғайып, 40 мың теңгеге жетеді. Бұл туралы Жетісу облысында қызылша өсіретін шаруашылық басшыларымен кездескен ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілқайыр Тамабек айтты, деп
хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Бүгінде қант қызылшасын өсіруге кететін шығындар жыл сайын өсіп келеді.
Шаруалардың айтуынша, былтыр бір гектарға 900 мың теңге жұмсалса, биыл шығындардың көлемі бір миллионға жетті. Ауыл шаруашылығы министрлігі қызылша өсірушілердің өтініштерін ескере отырып, субсидия нормаларын арттырды. Осылайша, шикізатты қабылдау құны 30 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін көтерілді.
"Бұдан бөлек, мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру бойынша жұмыс шеңберінде қызылша жинайтын комбайндарды сатып алуға өтеу нормативін 50%-ке дейін ұлғайту мәселесі пысықталып жатыр. Мемлекеттік қолдаудың жаңа ережелері 2023 жылдан бастап күшіне енеді деп болжанып отыр", - дейді вице-министр Тамабек.
Келесі жылы қайта өңдеуге тапсырылатын қант қызылшасын субсидиялауға, шамамен, 11,5 миллиард теңге бөлінеді деген жоспар бар. Сондай-ақ, бүгінде тұқым, гербицидтер, тыңайтқыштар құнының 50%, техника құнының 25% субсидияланады.
Ал қант саласын дамытудың 2026 жылға дейінгі кешенді жоспары аясында егіс алқаптарын 38 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.