https://sputnik.kz/20220921/dostarymen-bastesken-pavlodarda-mektepti-minalagan-oqushy-anyqtaldy-27750947.html
Достарымен бәстескен: Павлодарда мектепті "миналаған" оқушы анықталды
Достарымен бәстескен: Павлодарда мектепті "миналаған" оқушы анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда мектептегі жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам анықталды. 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T18:05+0500
2022-09-21T18:05+0500
2022-09-21T18:37+0500
павлодар
мектеп
мина
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_b6e65f6e4745b3d09934ef5b443fd6bd.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда мектептегі жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам анықталды. Заң бұзушы мектеп оқушысы болып шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап. Бүгін полицияға "Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте террористер бар" деген ақпарат түсті. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылар мен саперлер барды. 1048 оқушы мен 83 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Ал жарылғыш зат табылған жоқ, террористер де болмады. Жедел-іздестіру шаралары кезінде 14 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол сыныптастарымен бәстесіп, полицияға жалған ақпарат берген. "Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік 14 жастан басталады", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров. Айта кетері, осы қылмыс үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш (15 900 000 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
павлодар
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/115/60/1156043_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_783cd986552393634521a13ac3419713.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар, мектеп, мина
Достарымен бәстескен: Павлодарда мектепті "миналаған" оқушы анықталды
18:05 21.09.2022 (жаңартылды: 18:37 21.09.2022) АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Павлодарда мектептегі жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген адам анықталды.
Заң бұзушы мектеп оқушысы болып шықты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Бүгін полицияға "Бауыржан Момышұлы атындағы мектепте террористер бар" деген ақпарат түсті. Оқиға орнына бірден тәртіп сақшылар мен саперлер барды. 1048 оқушы мен 83 қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды. Ал жарылғыш зат табылған жоқ, террористер де болмады.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде 14 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол сыныптастарымен бәстесіп, полицияға жалған ақпарат берген.
"Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық кодекстің 273-бабы (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама үшін жауапкершілік 14 жастан басталады", - дейді облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 5 000 айлық есептік көрсеткіш (15 900 000 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, бес жылға дейінгі мерзімде бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.