https://sputnik.kz/20220921/aulada-zhas-zhigittin-zansyz-areketi-video-27746589.html
Өскеменде аулада отырған жігіттің заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды
Өскеменде аулада отырған жігіттің заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде үйдің ауласында марихуана шегіп отырған жас жігіт "Сергек" камерасына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патруль жетті... 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T15:18+0500
2022-09-21T15:18+0500
2022-09-21T15:24+0500
өңірлер
жігіт
аулалар
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24054607_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_46918409c9abb19c41e2089e3b816464.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде үйдің ауласында марихуана шегіп отырған жас жігіт "Сергек" камерасына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патруль жетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті. 21 жастағы қала тұрғыны түнгі уақытқа қарамастан, бейнежазбаға анық жазылған. Пластикалық бөтелке арқылы марихуана шегіп отырған. Ал полицейлерді байқағаннан кейін бәрін тастай салған. Тәртіп сақшылары оны бірден сараптамаға апарды. Мамандар жас жігіттің каннабиноидтарды қолданудан масаң күйде болғанын растады. Полицейлер фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы да тәркілеген. Ол марихуана болып шықты. Салмағы - 1,51 грамм. Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Осы қылмыс үшін 160 айлық есептік көрсеткішке (508 800 теңге) дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазасы да қолданылуы мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24054607_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_3b36917d374513adda70236af7342aac.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жігіт, аулалар, қылмыстық іс
жігіт, аулалар, қылмыстық іс
Өскеменде аулада отырған жігіттің заңсыз әрекеті видеоға түсіп қалды
15:18 21.09.2022 (жаңартылды: 15:24 21.09.2022) АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Өскеменде үйдің ауласында марихуана шегіп отырған жас жігіт "Сергек" камерасына түсіп қалды. Оқиға орнына бірден патруль жетті, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
21 жастағы қала тұрғыны түнгі уақытқа қарамастан, бейнежазбаға анық жазылған. Пластикалық бөтелке арқылы марихуана шегіп отырған. Ал полицейлерді байқағаннан кейін бәрін тастай салған.
Тәртіп сақшылары оны бірден сараптамаға апарды. Мамандар жас жігіттің каннабиноидтарды қолданудан масаң күйде болғанын растады. Полицейлер фольгасы бар пластикалық бөтелке мен спецификалық иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты салынған бір қағаз ораманы да тәркілеген. Ол марихуана болып шықты. Салмағы - 1,51 грамм.
Қылмыстық кодекстің 296-бабы 2-бөлігі ("Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Осы қылмыс үшін 160 айлық есептік көрсеткішке (508 800 теңге) дейінгі айыппұл не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту қарастырылған. 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстар не 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамау жазасы да қолданылуы мүмкін.