https://sputnik.kz/20220921/aqmolalyq-politseyler-iz-tuzsiz-zhogalgan-balyqshyny-tapty-27743636.html
Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты
Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлады Polisia.kz. 21.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-21T12:45+0500
2022-09-21T12:45+0500
2022-09-21T12:45+0500
балықшылар
https://sputnik.kz/img/266/47/2664746_0:324:3065:2048_1920x0_80_0_0_78d879d0ff31806292ea2bf26fae41a0.jpg
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлады Polisia.kz.Жақсы ауданындағы Белағаш ауылының тұрғыны 18 қыркүйекте аудандық полиция бөліміне 17 қыркүйек күні сағат 12:00-де өзімен бірге тұратын 65 жастағы ер адам балық аулауға кетіп, қайтып келмегенін хабарлады.Жоғалған балықшыны іздеуге Жақсы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. 3 іздеу тобына бөлінген полиция қызметкерлері ауылдың айналасын, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды.Ер адамды іздеу екі күнге созылды. 19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Жақсы ауылының маңынан полиция қызметкері Бегарыс Мырзамсейітов ауыл тұрғынын тауып алды. Алкоголь ішкен ер адам қараусыз қалған құрылыстың жанында ұйықтап жатқан. Ер адамды табуға балық аулауға барған велосипедтің іздері көмектесті.Қазіргі уақытта зейнеткер үйінде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/266/47/2664746_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_35f5cae00322e17c24f3b6332ef45746.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балықшылар
Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты
АСТАНА, 21 қыркүйек – Sputnik. Ақмолалық полицейлер із-түзсіз жоғалған балықшыны тапты, деп хабарлады
Polisia.kz. Жақсы ауданындағы Белағаш ауылының тұрғыны 18 қыркүйекте аудандық полиция бөліміне 17 қыркүйек күні сағат 12:00-де өзімен бірге тұратын 65 жастағы ер адам балық аулауға кетіп, қайтып келмегенін хабарлады.
Жоғалған балықшыны іздеуге Жақсы аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы жұмылдырылды. 3 іздеу тобына бөлінген полиция қызметкерлері ауылдың айналасын, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алды.
Ер адамды іздеу екі күнге созылды. 19 қыркүйек күні сағат 16:00 шамасында Жақсы ауылының маңынан полиция қызметкері Бегарыс Мырзамсейітов ауыл тұрғынын тауып алды. Алкоголь ішкен ер адам қараусыз қалған құрылыстың жанында ұйықтап жатқан. Ер адамды табуға балық аулауға барған велосипедтің іздері көмектесті.
Қазіргі уақытта зейнеткер үйінде, оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.