https://sputnik.kz/20220920/yandekstaksidin-ustinen-shagymdar-tusti--tekseris-bastaldy-27722134.html
"Яндекс.Таксидің" үстінен шағымдар түсті – тексеріс басталды
"Яндекс.Таксидің" үстінен шағымдар түсті – тексеріс басталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. "Яндекс Такси.Корп" ЖШС бағаны негізсіз көтергені үшін айыпталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексерісті... 20.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-20T17:02+0500
2022-09-20T17:02+0500
2022-09-20T17:02+0500
такси
шағым
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0f/17864304_120:0:1080:540_1920x0_80_0_0_0351ae984c884e495f5dfa39541b0bc9.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. "Яндекс Такси.Корп" ЖШС бағаны негізсіз көтергені үшін айыпталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексерісті бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Шағымдар Алматы қаласында түскен. Жыл басынан бері "Яндекс.Таксидің" қызметтеріне жоғары баға қою мәселелері бойынша 6 арыз түскен. Осыған байланысты жергілікті департамент монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша тексеріс шараларын бастап кетті. Тексерістің нәтижелері бойынша қосымша ақпарат таратылады. Айта кетері, биыл қаңтар айында сол кездегі бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша "Яндекс.Такси" тексеріліп жатқанын мәлімдеген болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0f/17864304_240:0:960:540_1920x0_80_0_0_540869484e658c10985f4d3d164e6287.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
такси, шағым
"Яндекс.Таксидің" үстінен шағымдар түсті – тексеріс басталды
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. "Яндекс Такси.Корп" ЖШС бағаны негізсіз көтергені үшін айыпталды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі тексерісті бастады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Шағымдар Алматы қаласында түскен. Жыл басынан бері "Яндекс.Таксидің" қызметтеріне жоғары баға қою мәселелері бойынша 6 арыз түскен. Осыған байланысты жергілікті департамент монополиялық жоғары бағаны белгілеу бойынша тексеріс шараларын бастап кетті.
"Ал Кәсіпкерлік кодекстің 175-бабы, 1-тармағына сәйкес, үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі белгілеген баға, егер бұл баға осындай тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және тиісті немесе салыстырмалы тауар нарығында бәсекелестік жағдайында қалыптасқан бағадан асып кетсе, тауардың монополиялық жоғары бағасы болып есептеледі", - дейді департамент мамандары.
Тексерістің нәтижелері бойынша қосымша ақпарат таратылады. Айта кетері, биыл қаңтар айында сол кездегі бәсекелесті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин қазақстандықтардың шағымы бойынша "Яндекс.Такси" тексеріліп жатқанын мәлімдеген болатын.