Таразда тәртіпсіздік кезінде қолданылған қару-жарақ табылды

© Photo : Sergey NemoРужье
Ружье - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Тараз қаласының шетінде қару-жарақ қоймасы табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қарулардың орналасқан жерін анықтау бойынша бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері қала маңынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер салынған қапты тапты.
Табылған қаптан екі Калашников автоматы, FBI8000 газ тапаншасы, жарық-шуылды граната, автоматтың оқжатарлары, пышақты мылтық, полиция каскасы, резеңке таяқ және әртүрлі калибрлі 200-ге жуық патрон алынды.
Жаңалықтар
0