Қоғам

Қазақстанда орташа зейнетақы қанша

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,9 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақының орташа мөлшерін атады.
Осы жылдың сегіз айында қазақстандықтарға 1,9 трлн теңгеден астам зейнетақы төленді.
2022 жылғы тамызда республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,1 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыға 74,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыға169,9 млрд теңге бөлінді.

"2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 253 мың адам. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақыны қосқанда) 109 224 теңге болды", - деп хабарлады ведомство.

Айта кетері, 2018 жылғы шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр зейнеткерге жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ін құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2%-ке артады.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақының мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
Жаңалықтар
0