Қайрат Сатыбалды сотта аудио-видео жазбаға қарсылық білдірді

© Sputnik / Владислав Водневонлайн режимдегі сот отырысы
онлайн режимдегі сот отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Астанада Қайрат Сатыбалдының ісі бойынша кезекті сот отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Айыпталушы сотқа онлайн режимде қатысып отыр. Сатыбалды Қылмыстық кодекстің 195-бабы (Алдау немесе сенiмді теріс пайдалану жолымен мүлiктiк залал келтiру) және 189-бабы ( Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) бойынша айыпталуда.
Отырыстың басында айыпталушы Сатыбалдының адвокаты видео және аудио жазбаны жүргізуге қарсы екенін жеткізді. Басқа айыпталушылар да мұны қолдады.
Ал сотқа арыз түсіргендер қарсы болған жоқ. Судья айыпталушылардың өтінішін қанағаттандырып, видео мен аудио жасауға тыйым салды.
Айта кетері, биыл 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдының ұсталғанын хабарлады. Ол "Қазақтелеком" АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінген. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатқаны айтылған еді.
24 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты "Қазақтелеком" АҚ және "Көлік сервисі орталығы" АҚ-ның қаржысын ірі көлемде жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Тергеу кезінде айыпталушылардың 240 миллиард теңгеден (500 миллион доллар) астам заңсыз активтері мен қаржысы мемлекетке қайтарылған болатын.
Қайрат Сатыбалды – тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да қамауға алынды. Ол Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деп айыпталып жатыр.
Жаңалықтар
0