Премьер-министр протоколының бастығы тағайындалды

© SputnikПортфель
Портфель - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Серік Әшіров премьер-министр протоколының бастығы болып тағайындалды, деп хабарлады үкімет басшысының баспасөз қызметі.
"Серік Кеңесұлы Әшіров Қазақстан премьер-министрі протоколының бастығы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Серік Әшіров 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды "Халықаралық қатынастар" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2009 жылы сыртқы істер министрлігі консулдық қызмет департаментінің маманы болып бастаған.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы бірінші хатшысы (консулы), сыртқы істер министрлігі ЭКСПО-2017 комиссары хатшылығының кеңесшісі, сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттама қызметінің кеңесшісі, сыртқы істер министрлігі мемлекеттік хаттама қызметінің басқарма басшысы қызметтерін атқарды.
2022 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін премьер-министр хаттамасының бас инспекторы болды.
Жаңалықтар
0