https://sputnik.kz/20220920/elorda-salyq-toleushilerine-qayta-tirkeuden-otudin-qazheti-zhoq-27724194.html
Елорда салық төлеушілеріне қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ
Елорда салық төлеушілеріне қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы... 20.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-20T20:00+0500
2022-09-20T20:00+0500
2022-09-20T20:00+0500
елорда
салық
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466149_0:106:3265:1942_1920x0_80_0_0_cb46c435719dbb0e9f119bdcde462d53.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Осылайша, елорда атауын Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына өзгерту салық төлеушілердің: жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың және резидент емес заңды тұлғалардың тіркеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды. Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болып өзгереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары болып өзгереді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/06/1c/17466149_266:0:2997:2048_1920x0_80_0_0_f44be480e062853951a42a5cd0f4ace7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
елорда, салық
Елорда салық төлеушілеріне қайта тіркеуден өтудің қажеті жоқ
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Елорда атауының өзгеруі салық төлеушілердің тіркеу деректерін өзгертпейді. Тиісінше, қайта тіркеуден өту қажет емес. Бұл туралы қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
Осылайша, елорда атауын Нұр-Сұлтан қаласынан Астана қаласына өзгерту салық төлеушілердің: жеке кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын жеке тұлғалардың және резидент емес заңды тұлғалардың тіркеу құжаттарын өзгертуге әкеп соқпайды.
"Елорданың бұрынғы атауы бар құжаттар да жарамды болады және мемлекеттік қызметті алу кезінде қолданылады. Салықтарды және бюджетке төленетін төлемдерді есепке алу үшін банк реквизиттері (БСН, мемлекеттік кірістер органдарының кодтары, ИИК, Қазынашылық комитетінің БИК, БСК, КНП) елорда атауының өзгеруіне байланысты өзгеріссіз, бұрынғыдай қалады", - делінген хабарламада.
Тек мемлекеттік кірістер органдарының атаулары ғана өзгереді. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті Астана қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті болып өзгереді, сәйкесінше Нұр-Сұлтан қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының атауы Астана қаласының Алматы, Сарыарқа, Есіл, Байқоңыр аудандары, Астана-жаңа қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармалары болып өзгереді.