https://sputnik.kz/20220920/elimizde-7-mynnan-astam-bos-zhumys-orny-bar-27716191.html
Елімізде 7 мыңнан астам бос жұмыс орны бар
Елімізде 7 мыңнан астам бос жұмыс орны бар
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жұмысшы мамандар тапшы. Сарапшылардың айтуынша, жастар қара күшті талап ететін жұмыстан бас тартады. Ал жұмыс... 20.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-20T13:55+0500
2022-09-20T13:55+0500
2022-09-20T13:55+0500
жұмыссыздық
https://sputnik.kz/img/1191/12/11911299_63:0:2948:1623_1920x0_80_0_0_9d077cd2b0c1ca7ee4d2668252076e3b.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жұмысшы мамандар тапшы. Сарапшылардың айтуынша, жастар қара күшті талап ететін жұмыстан бас тартады. Ал жұмыс іздеушілер арасында педагог, заңгер және экономистер көп, деп хабарлады Хабар 24.Досхан әке жолын қуып, инженер-механик болуды армандады. Елдегі белді университетке грантқа түсіп, 2017 жылы тәмамдайды. Алайда амалсыз басқа мамандыққа бет бұрады. Себебі тәжірибесі жоқ жас маманға жұмыс табу оңай соқпайды. Сондықтан басқа саланы игеруге тура келген."Өкініштісі сол, оқу бітіре сала менде тәжірибе болмады. Енді ата-анама ауыртпашылық салмайын деп көптеген компанияға түйіндемемді жолдадым. Соның ішінде өзіме жақыны видео монтаж болды. Нан табу үшін бұл саланы да егжей-тегжей зерттеп, үйреніп алдым",- дейді монтажер Досхан Қораз.Астананың өзінде 5 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 2-мыңы белсенді іс-шаралармен қамтылған. "Десе де еңбекақының аздығынан жас мамандар қарапайым жұмысшы болудан бас тартады", – дейді мамандар. Ал кейбіреуі дипломын сандықтың түбінде сақтап, әлеуметтік төлем алып жүр. Бірақ оның өз тәртібі бар.Қазір қолында қос дипломы бар, бірақ жұмыс таппай жүргендер жетерлік. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік жөндеу саласында еңбек еткісі келетіндер жоқтың қасы. Есесіне, заңгер, экономист, педагог болғысы келетіндер көп. Өйткені жалақысы жоғары."Қазіргі таңда 7 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Оның ішінде көбінесе құрылыс, медицина, қызмет көрсету саласында сұраныс көп. Жұмыс берушілердің тарапынан сұраныс көп, жұмыс ісздеушілер арасында сұраныс төмен", - дейді Бағила Орынбетова.Жұмысшы тапшылығы еліміздегі бірқатар аймақта өзекті. Әсіресе ауылдағы мал шаруашылығы кешендері мен егін алқаптары және құрылыс алаңдары мамандарға зәру.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1191/12/11911299_424:0:2588:1623_1920x0_80_0_0_786b5185bd18f6495ecac8479b0b3bd0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жұмыссыздық
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда жұмысшы мамандар тапшы. Сарапшылардың айтуынша, жастар қара күшті талап ететін жұмыстан бас тартады. Ал жұмыс іздеушілер арасында педагог, заңгер және экономистер көп, деп хабарлады
Хабар 24. Досхан әке жолын қуып, инженер-механик болуды армандады. Елдегі белді университетке грантқа түсіп, 2017 жылы тәмамдайды. Алайда амалсыз басқа мамандыққа бет бұрады. Себебі тәжірибесі жоқ жас маманға жұмыс табу оңай соқпайды. Сондықтан басқа саланы игеруге тура келген.
"Өкініштісі сол, оқу бітіре сала менде тәжірибе болмады. Енді ата-анама ауыртпашылық салмайын деп көптеген компанияға түйіндемемді жолдадым. Соның ішінде өзіме жақыны видео монтаж болды. Нан табу үшін бұл саланы да егжей-тегжей зерттеп, үйреніп алдым",- дейді монтажер Досхан Қораз.
Астананың өзінде 5 мыңнан астам адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Оның ішінде 2-мыңы белсенді іс-шаралармен қамтылған. "Десе де еңбекақының аздығынан жас мамандар қарапайым жұмысшы болудан бас тартады", – дейді мамандар. Ал кейбіреуі дипломын сандықтың түбінде сақтап, әлеуметтік төлем алып жүр. Бірақ оның өз тәртібі бар.
"Әлеуметтік төлемді алу үшін бізге келіп, өтініш білдіреді. Жұмыссыздар қатарына тіркелу керек. Бірақ төлемді мемлекеттік акционерлік қоғам есептеп, төлейді. Азамат өтініш білдіргеннен кейін жұмыссыз болып тіркеледі. Барлық жұмыссыз тіркелген азаматтарға төлене бермейді. Егер де ол мүлдем жұмыс істемеген болса, жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем аударылмаған болса, онда төлем алмайды", - деп түсіндірді Жұмыспен қамту орталығының жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы Бағила Орынбетова.
Қазір қолында қос дипломы бар, бірақ жұмыс таппай жүргендер жетерлік. Сарапшылардың пікірінше, бүгінде ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік жөндеу саласында еңбек еткісі келетіндер жоқтың қасы. Есесіне, заңгер, экономист, педагог болғысы келетіндер көп. Өйткені жалақысы жоғары.
"Қазіргі таңда 7 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Оның ішінде көбінесе құрылыс, медицина, қызмет көрсету саласында сұраныс көп. Жұмыс берушілердің тарапынан сұраныс көп, жұмыс ісздеушілер арасында сұраныс төмен", - дейді Бағила Орынбетова.
Жұмысшы тапшылығы еліміздегі бірқатар аймақта өзекті. Әсіресе ауылдағы мал шаруашылығы кешендері мен егін алқаптары және құрылыс алаңдары мамандарға зәру.