Өңірлер

Екібастұзда электр энергиясы тарифін заңсыз өсірген компанияға қатысты тергеу басталды

© Photo : Pixabay / David MarkАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Екібастұз қаласында электр энергиясының бағасын заңсыз өсіру фактісі бойынша тергеу басталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің ақпаратынша, қаладағы электр энергиясын жеткізу және таратумен айналысатын компанияға қатысты монополистік әрекет белгілеріне байланысты тергеу басталды.
"Кәсіпорын 2019-2020 жылдардағы есептілікке сенімсіз кәсіпорындармен жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 583 млн теңгеден астам сомаға жасасқан мәмілелерді қосты деген күдік бар. Бұл көрсетілген мерзімде тарифтік жоспардың өсуіне әсер еткен болуы мүмкін", - деп хабарлады агенттік.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Басқа ақпарат жария етілмейді.
Жаңалықтар
0