Елорда тынысы

Астанада тегін автотұрақтан орын алу құқығы кімдерге беріледі

© Sputnik / Владислав ВодневАқылы тұрақ
Ақылы тұрақ - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек - Sputnik. Астананың автотұрақтарында жеңілдікке ие болудың жаңа тәртібі енгізілді. Аstanapark.kz сайтында "Жеңілдіктер" бөлімінде онлайн өтініш беруге болады.
Кімдерге беріледі:
соғыс ардагерлері;
бала кезінен мүгедектігі барлар және I және II топтағы мүгедектігі барлар;
"Алтын Қыран" және "Халық қаһарманы" иегерлері;
көпбалалы аналар "Алтын алқа" (7+ балалыларға) және "Күміс алқа" (6 бала тәрбиелеп өсіргендерге);
Семей ядролық полигонындағы сынақтардың құрбандары.
Бенефициарға тікелей тіркелген көліктер тегін тұраққа рұқсат алады.
Мынадай құжаттарды (сканерленген көшірмелерді) ұсыну қажет:
толтырылған өтініш
жеке куәлік
тіркеу туралы куәлік
жеңілдікке құқықты растайтын құжат
Жеңілдіктің бар-жоғы жеке кабинетте көрсетіледі. Ақылы автотұрақ орындары Астана қаласының меншігінде. Көлікті тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК (9189 теңге) айыппұл қарастырылған.
Ақылы тұрақтардың уақыты: жұмыс күндері сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін. Демалыс және мереке күндері автотұрақ тегін.
Жаңалықтар
0