Алматы облысында ауыл тұрғындары жолды жауып тастады

© SputnikАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Жаңалық ауылында жаяу жолдан өтіп бара жатқан 10 жасар баланы көлік қағып кетті.
Жол апаты салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды.
Баланы Жетіген – Алматы тасжолында келе жатқан Toyota Camry көлігінің 24 жастағы жүргізушісі қағып кеткен.
Ашынған жергілікті тұрғындар тасжолды жауып тастады, бұл туралы видео әлеуметтік желіде жарияланды.
Алматы облысының полициясы Қылмыстық кодекстің 345-бабының үшінші бөлігінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша сотқа дейінгі тергеудің басталғанын хабарлады.
Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтар
0