https://sputnik.kz/20220920/almaty-kontsert-korermender-gul-27705957.html
Алматыда концертке келген көрермендер 94 мың гүлді таптап кеткен
Алматыда концертке келген көрермендер 94 мың гүлді таптап кеткен
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күніне арналған Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді таптап кетті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі. 20.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-20T08:36+0500
2022-09-20T08:36+0500
2022-09-20T08:40+0500
өңірлер
алматы
концерт
гүл
https://sputnik.kz/img/07e6/09/14/27706074_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_2cc36ef85047fd5c34517167dfcfbe30.jpg
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күніне арналған Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді таптап кетті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.Шығын сомасы 13 млн теңгеден асқан – біржылдық, көпжылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды.Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған, соның ішінде 913 шаршы метр – біржылдық өсімдіктер, 326 шаршы метр – көпжылдық өсімдіктер. 117 шаршы метр – раушан гүлдер.Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камера қираған.Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі – жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады.Күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.Айта кетері, Gakku Dauysy-2022 фестивалі қала күнін мерекелеу аясында Алматыдағы "Астана" алаңында өтті.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/14/27706074_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_93e09a34478d6a8d68e256fcd6e2d469.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, концерт, гүл
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күніне арналған Gakku Дауысы концертінің көрермендері 94 мыңға жуық гүлді таптап кетті, деп хабарлайды Алматы әкімдігі.
Шығын сомасы 13 млн теңгеден асқан – біржылдық, көпжылдық бұталар мен гүлдер, оның ішінде қаланың жақын маңдағы гүлзарындағы раушандар жойылды.
Барлығы 94 мыңға жуық гүл тапталған, соның ішінде 913 шаршы метр – біржылдық өсімдіктер, 326 шаршы метр – көпжылдық өсімдіктер. 117 шаршы метр – раушан гүлдер.
Алмалы ауданы әкімдігінің мәліметінше, 13 орындық, 1 жарық бағанасы, гранит урнасы мен екі камера қираған.
"Осыған байланысты Алматы қаласының әкімдігі еліміздің мәдени орталығы саналатын мегаполистің тұрғындары мен қонақтарынан жасыл желектерге және гүлдерге ұқыпты қарауды, сондай-ақ қаланы абаттандыру және көгалдандырумен айналысатын қызметкерлердің еңбегін құрметтеуді сұрайды", - деп мәлімдеді әкімдік.
Келтірілген залал қала әкімдігінің күшімен қалпына келтіріледі – жаңа өсімдіктер қысқа мерзімде отырғызылады.
Күн сайын қала аумағын суару мен көгалдандыру жұмыстарына 300-ге жуық маман мен 80-нен аса арнайы техника жұмылдырылады.
Айта кетері, Gakku Dauysy-2022 фестивалі қала күнін мерекелеу аясында Алматыдағы "Астана" алаңында өтті.