Синоптиктер 21 қыркүйектегі ауа райын болжады

© Photo : Pixabay / Narcis CiocanОсень
Осень - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 20 қыркүйек – Sputnik. Қазгидромет 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, ел аумағының басым бөлігі әлі де, ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын–шашынсыз ауа райы сақталады.
Атмосфералық фронтталды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің батысында, оңтүстік-шығысында найзағайлы жаңбыр жауады. Ел бойынша кей жерлерде жел күшейіп, шығыста жел шаңды дауылмен болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының солтүстігінде және орталығында, Абай облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Түнде Қарағанды облысының солтүстік жартысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Абай облысының солтүстігінде 2 градус үсік сақталады.
Жаңалықтар
0