https://sputnik.kz/20220919/zhansaqtau-boliminen-shyqpadym-densaulyq-ministri-dariger-kezdegi-qateligin-aytty--27694744.html
"Жансақтау бөлімінен шықпадым": денсаулық министрі дәрігер кездегі қателігін айтты
"Жансақтау бөлімінен шықпадым": денсаулық министрі дәрігер кездегі қателігін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният педиатр болып істегенде жасаған алғашқы дәрігерлік қателігі туралы айтты, деп хабарлайды... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T13:46+0500
2022-09-19T13:46+0500
2022-09-19T13:46+0500
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22775706_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_f0b120098bfdcb199207f329928e615c.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният педиатр болып істегенде жасаған алғашқы дәрігерлік қателігі туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжілісте министр дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуге арналған заң жобасын таныстырды. Ал дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі арқылы денсаулығына зиян келген пациенттерге өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Осы орайда министр педиатр болып істегенде жасаған алғашқы дәрігерлік қателігін еске алды. Айтуынша, сол кезде бала жансақтау бөліміне түскен.Педиатр қызметіндегі ол қатты алаңдады. Пациент жансақтау палатасынан шықпайынша жанында болды. Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда жыл сайын дәрігерлік қателік бойынша 300 қылмыстық іс қозғалады. Ал заң жобасы аясында дәрігерлердің қателігі үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуді де ұсынылып отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шаралары - денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайтау, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда бас бостандығын айыру жазасының мерзімін қайта қарап, бас бостандығын шектеуге ауыстыру бастамасы көтерілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0e/22775706_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_eed06b7432bdcdb1786552c24efcbc71.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер
"Жансақтау бөлімінен шықпадым": денсаулық министрі дәрігер кездегі қателігін айтты
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният педиатр болып істегенде жасаған алғашқы дәрігерлік қателігі туралы айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте министр дәрігерлік қателік үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуге арналған заң жобасын таныстырды. Ал дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі арқылы денсаулығына зиян келген пациенттерге өтемақы төлеу жоспарланып отыр.
Осы орайда министр педиатр болып істегенде жасаған алғашқы дәрігерлік қателігін еске алды.
"Мен өзімнің алқашы қателігімді ешқашан ұмытпаймын. Ішек инфекциясы бар баланы емдедім, температурасы қалыпқа келген сияқты, бәрі жақсы болған. Үшінші күні дене қызу күрт көтеріліп кетті, түрі бозарып кетті. Сонда әріптестерімнен кеңес сұрадым, оны бірге қарадық. Сөйтсе, мен ішек инфекциясын емдеп жүрсем, балада пневмония болған", - дейді Ғиният.
Айтуынша, сол кезде бала жансақтау бөліміне түскен.Педиатр қызметіндегі ол қатты алаңдады. Пациент жансақтау палатасынан шықпайынша жанында болды.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгінде Қазақстанда жыл сайын дәрігерлік қателік бойынша 300 қылмыстық іс қозғалады. Ал заң жобасы аясында дәрігерлердің қателігі үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуді де ұсынылып отыр.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шаралары - денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайтау, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда бас бостандығын айыру жазасының мерзімін қайта қарап, бас бостандығын шектеуге ауыстыру бастамасы көтерілді.