Вашингтон әлемдік тәртіпті өзгертуді ұсынып жатыр

© AP Photo / AP Photo / Mary Altaffer, FileФлаги стран-участниц Организации Объединенных Наций
Флаги стран-участниц Организации Объединенных Наций - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
Батыс Біріккен Ұлттар Ұйымын тиімсіз шешімдер қабылдау үшін пайдаланады, деді ресейлік сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Мария Захарова. Ол Нью-Йорктегі Бас Ассамблеяның 77-сессиясына осындай сипаттама берді. Жалпы америкалықтар ұйымды түбегейлі реформалауды талап етіп отыр, деп жазды РИА Новости.
Вашингтондағы Ресей елшілігі 17 тамызда АҚШ Мемлекеттік департаментінен делегацияға, оның ішінде сыртқы істер министрі Сергей Лавровқа виза сұрады. Бір ай өтсе де құжаттары дайын болмады. Дипломаттарға америкалық тараптан мардымды жауап та ұсынылған жоқ.
13 қыркүйекте Бас ассамблеяның ашылу қарсаңында Ресейдің БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдігінің құқықтық референт басшысы Сергей Леонидченко Мәскеудің қарсы шараларды қарастырып жатқанын айтты.
"АҚШ-тың халықаралық-құқықтық міндеттемелерді жүйелі әрі саналы түрде орындамауымен байланысты проблемалардың жалғыз нақты шешімі Бас хатшы Антонио Гутерриштің Орталық институттар туралы келісімнің 21-бөлімінде көзделген төрелік процесті тез арада бастау болып отыр", - деп атап өтті дипломат.
Дегенмен, жағдай ушыққанға дейін ресейлік делегацияға виза соңғы сәтте ұсынылды. Лавров 24 қыркүйекте баяндама жасайды деп күтіліп отыр.
Сессияның басты жаңалықтарының бірі – АҚШ президенті Джо Байден мен Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкеннің мәлімдемелері болмақ. Себебі, АҚШ-тың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Линда Томас-Гринфилд Вашингтон ұйымды реформалауды көздеп отырғанын айтты.
"Біз БҰҰ Жарғысы бойынша жекелеген елдердің ортақ жауапкершіліктері мен міндеттемелерін, соның ішінде Қауіпсіздік Кеңесін және басқа да институттарды реформалаудың өте маңызды мәселелерін кеңінен талқылауды жоспарлап отырмыз", - деді ол.
Соған қарағанда, олар Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің вето құқығын пайдалануын талқылауы ықтимал.
Сәуірде Бас Ассамблея осы мәселе бойынша резолюцияны қолдап дауыс берді. Қауіпсіздік кеңесінің бес тұрақты мүшесі – Ресей, Ұлыбритания, Қытай, АҚШ және Франция вето қою құқығына ие. Негізгі шешімдерді Кеңес қабылдайтындықтан, оларға бір елдің ғана тосқауыл қою мүмкіндігі Мәскеумен тату емес мемлекеттердің наразылығын тудырады. Көктемде қабылданған құжат Бас Ассамблея вето енгізген тұрақты мүшеден түсініктеме талап етуі мүмкін екенін көрсетеді. Алайда күні бүгінге дейін мұндай процесс әлі жүргізілмеді.
Бас Ассамблея шешімдерінің тек ұсыныс сипатында болуы жағдайды одан әрі қиындатып тұр. Сондықтан Байден мен Блинкен бұл мәселені қайта көтергісі келетіні ғажап емес. Сонымен бірге Вашингтон Ресейді немесе Қауіпсіздік Кеңесінің кез келген басқа мүшесін вето құқығынан айыру мүмкін еместігін ресми түрде мойындады.
Еуропалық ақпарат орталығының директоры, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының доценті Николай Топорнин РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында атап өткендей, америкалық тарап Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелерінің санын кеңейтуді ұсынуы мүмкін.
"Мысалы, Үндістан, Бразилия, Австралия немесе Жапония сынды ықпалды мемлекеттер есебінен осыған қол жетуі мүмкін. Бұл теориялық тұрғыдан вето құқығын әлсіретеді. Сонда бір ғана дауыс тосқауыл қою үшін жеткіліксіз болады. Бірақ бәрібір БҰҰ Жарғысын қайта қарау қажет және бұл ұйымның барлық мүшесінің келісімін қажет етеді. Консенсус күтудің қажеті жоқ", - деді Николай Топорнин.
Сонымен қатар, сарапшының пайымдауынша, кейбір өзгерістер енгізетін уақыт жетті. Сондықтан реформаға деген ұмтылысты түсінуге болады.
"Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері вето құқығын асыра пайдаланып қана қоймай, кейде оны қарсыластарына қасақана қолданады. Бұл жағдайда шешім қабылдау мүмкін емес. Нәтижесінде Қауіпсіздік кеңесі жай ғана "сөз жүзіндегі" ұйымға айналады", - деп атап өтті Топорнин.
Ресей делегациясына виза ұсынуға қатысты туындаған дау да реформа қажеттігін көрсетті. БҰҰ Бас хатшысының бұрынғы орынбасары Сергей Орджоникидзенің пікірінше, Вашингтонның бұл әрекеті міндеттемелерді өрескел бұзу болып табылады.
Оның айтуынша, АҚШ пен БҰҰ арасындағы 1947 жылғы келісімге сәйкес, америкалықтар ұйымға мүше мемлекеттерді таныстыратын делегация басшылары мен қызметкерлердің өз аумағына кедергісіз кіруін қамтамасыз етуі керек.
"Визаларды кешіктіру - бұл үгіт-насихат шарасы, оның саяси мәні де, құқықтық негіздері де жоқ", - деп түсіндіреді дипломат. Бас хатшының талабы бойынша третейлік сотты жинау қажеттігін айтқан Сергей Леонидченко да осыны меңзеген. Көктемдегі жағдай қайталанып отыр. Ол кезде Ресейдің өтінішіне қарамастан Гутерриш ресейлік дипломаттарға виза берудің кешігуіне байланысты арбитражды сотты жинамады.
Дегенмен, Топорнин виза мәселесін шешу оңай болмайды деп есептейді. АҚШ санкция енгізілген адамдарды, соның ішінде Лавровты өз аумағына кіргізе алмайтынын алға тартады.
"Бұл мәселе бойынша Гутерриштің өзі Байденге немесе Блинкенге жүгінуі керек. Қосымша келісімдер қажет болуы мүмкін", - дейді сарапшы.
Орджоникидзе БҰҰ Бас хатшысы АҚШ-тың ықпалында болғандықтан арбитражды сотты шақырмайтынына сенімді: "Ол – НАТО елінің өкілі, Америка одақтасы Португалия премьер-министрі болды. Сондықтан Гутерриш әрқашан Вашингтонның ұстанымын қолдайтыны белгілі".
Өз кезегінде Мемлекеттік Думаның халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Леонид Слуцкий БҰҰ-ның штаб-пәтерін көшіру мүмкіндігін жоққа шығармады. Ал Топорниннің пікірінше бұл мүмкін емес.
"Женевада қазірдің өзінде үлкен бөлімше бар. Бірақ, біріншіден, қабылдаушы мемлекет штаб-пәтерді орналастыруға келісім беруі керек. Екіншіден, бұл инфрақұрылым шығыны кімнің мойнында болатыны белгісіз. Себебі бұл өте үлкен аумақ, алып ғимараттар, көптеген қызметкерлер, яғни ол "мемлекет ішіндегі мемлекет" іспеттес болады", - дейді Топорнин.
Қалай болғанда да, мамандар мұндай жағдайдың бұрын-соңды болмағанымен келіседі. Сондықтан Бас Ассамблеяның 77-сессиясы әдеттегі әлемдік тәртіпті қайта қараудың бастамасы болатыны анық.
Жаңалықтар
0