Әлем

ҰҚШҰ хатшылығы қырғыз-тәжік шекарасында қаза болғандарға байланысты көңіл айтты

© Sputnik / Эламан КарымшаковҚырғыз-тәжік шекарасы
Қырғыз-тәжік шекарасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек - Sputnik. ҰҚШҰ хатшылығы Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасындағы қақтығыс құрбандарына байланысты көңіл айтты.
"ҰҚШҰ хатшылығының басшылығы мен қызметкерлері қыркүйектің 14-і мен 17-сі аралығында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қақтығыстың құрбандары туралы хабарды қайғы-қасіретпен қабылдады. Осы оқиғаға байланысты бауырлас екі елдің халқына шын жүректен көңіл айтамыз", - делінген хабарламада.
Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады, ҰҚШҰ жауапкершілік аймағында бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады. Сондықтан Бішкек пен Душанбе арасындағы сындарлы диалог тек олар үшін ғана емес, ұйымға мүше барлық мемлекет үшін қажет, деп атап өтті ҰҚШҰ хатшылығы.
"Біз даулы мәселелерді шешу үшін күш қолдануға болмайды деп сенімдіміз. Мәселені реттеудің саяси және дипломатиялық жолының баламасы жоқ", - делінген хабарламада.
ҰҚШҰ тұрақты ымыраға қол жеткізу үшін делдал күш-жігерін жан-жақты арттыруға дайын.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қарулы қақтығыс салдарынан 59 адам қаза тауып, 163 адам жарақат алған. Республиканың төтенше жағдайлар министрлігі Баткен облысында алдын ала мәліметтер бойынша 294 үй ​​мен нысан қирап немесе өртенгенін хабарлады. Қақтығыс аймағынан 136 мыңнан астам азамат эвакуацияланған.
Қазіргі уақытта Қырғызстан мен Тәжікстан атысты тоқтату және күштерін шығару туралы келісімдерді сақтап отыр.
Бүгін Қырғызстанда Тәжікстанмен шекарадағы қақтығыс салдарынан қаза болғандарды аза тұту күні.
Жаңалықтар
0