https://sputnik.kz/20220919/ukraina-askeri-kharkov-oblysynda-is-qimyldy-udetti-27748854.html
Украина әскері Харьков облысында іс-қимылды үдетті
Украина әскері Харьков облысында іс-қимылды үдетті
Sputnik Қазақстан
Харьков облысында халықты "проресейлік элементтерден" арылту қарқынды жүріп жатыр. Адамдарды тіпті көшеден ұстап алып, белгісіз бағытта әкетіп жатыр. Бұған... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T18:34+0500
2022-09-19T18:34+0500
2022-10-11T09:54+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27822938_0:0:3543:1994_1920x0_80_0_0_164380779e683c14156afc0c937cbedb.jpg
Харьков облысында халықты "проресейлік элементтерден" арылту қарқынды жүріп жатыр. Адамдарды тіпті көшеден ұстап алып, белгісіз бағытта әкетіп жатыр. Бұған әлеуметтік желідегі жазба немесе көршінің шағымы сылтау болуы ықтимал, деп жазды РИА Новости.Мақалада жазылғандай, украиналық БАҚ өз елінің армиясы, Украина қауіпсіздік қызметі мен полиция "коллаборанттармен" қалай күресіп жатқаны туралы жаңалықты жиі таратып жатыр. Ал анығында мұның артында кәдімгі қысым жатыр. Себебі Киев ресейлік білім беру, құжат айналымы, денсаулық сақтау стандарттарына көшкендерді мемлекет жауы деп жариялап жатыр.Мектепте мұғалім болып қызмет істесең – үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырады. Ресейліктерге бір дүние сатқан немесе қызмет көрсеткен болсаң, бес жылға сотталасың. Әкімшілікке қызметке кірсең, қандай да бір ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатыссаң, он жыл өмірің абақтыда өтеді. Судья немесе полиция қызметінде болсаң – 15 жыл. Ресей саясатына ақпараттық қолдау көрсету – 20 жыл. Егер "коллаборант" әрекетінен адам көз жұмған немесе басқа дауыр салдары болса, онда өмір бойына түрмеге жабыласың. Осы тектес мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Ал ол сотталушыларды әскери тұтқындарға алмастыру қарастырылмайды.Сонымен қатар, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін соттап жатыр. Бірақ бұл жағдайда айыптаушының Украинаның егемендігіне, аумақтық тұтастығына, қорғаныс қабілетіне немесе ақпараттық қауіпсіздігіне келтірілген залалын дәлелдеу қажет болады. Ал "коллаборационизм" бойынша Ресей өкілдерімен қарапайым қарым-қатынас жеткілікті.Мысалы, Интернетте украин әскерилерінің Купянскі аралап, ресейліктермен қарым-қатынас орнатқан адамдарды іздеп жүрген видеосы өте көп. Олар адамдарды ұрып-соғады, қорлайды, Мәскеуге жұмыс істегені үшін кешірім сұрауға мәжбүр етеді. Қарапайым украиналықтар "азат етілген аумақтарда" әр қадамын аңдап басып жүруге мәжбүр. Кез келген адам кез келген уақытта сатқын деп жариялануы мүмкін.Харьков облысының "аймақтық қорғанысы" адамдардың ізіне түсіп жүр. БАҚ-тың хабарлауынша, Киев қыркүйек айының соңына дейін Ресей әскері орналасқан Харьков облысының Изюм, Балаклея, Купянск және басқа елді мекендерін "тазартуды" көздеп отыр. Егер әскерилер белгіленген уақытта межені орындамаса, онда Львов облысының қорғаныс күштері көмекке жіберіледі."Бұл шара шамамен он күнге созылады. Қалада бәрі тыныш, әскерилер тазалаумен айналысып жатыр", - деп мәлімдеді Киев тағайындаған Изюм мэрі Валерий Марченко.Ал іс жүзінде бұл былай орындалады: кетіп бара жатқан адамның жанына жеңіл көлік тоқтап, оның ішінен бірнеше әскери түседі де, әлгі азаматтан кім болып жұмыс істегені, қанша жалақы алғаны, неге ресейліктермен байланыс орнатуға келіскені туралы сұрайды.Мысалы, Волновахада тұратын Валентина есімді тұрғын бірнеше күннен бері Харьков маңында тұратын құрбысымен байланыса алмай отыр. Ресей, ДХР мен ЛХР одақтас әскеері келгенге дейін оның күйеуі жергілікті ТЖМбөлімшесінде құтқарушы болып жұмыс істеген. Ол ешқашан саясатпен айналыспаған, тек мұқтаж адамдарға көмектесіп келген."Әріптестерінің айтуынша, оны жұмыс орнына белгісіз бағытта алып кеткен. Енді құрбым да байланысқа шықпай отыр, хабарламаларыма жауап бермей жатыр", - деп уайымдады Валентина.Дегенмен, украиналықтардың барлығы бірдей қатал емес. Киев халықаралық әлеуметтану институтының мәліметі бойынша, азаматтардың жартысына жуығы Ресеймен байланыс орнатқаны үшін кәсіпкерлер мен мұғалімдерді жазалауға болмайды деп санайды. Дәрігерлерді қудалауды 20 проценті, шенеуніктерді – 69 проценті қолдады.Саясаттанушы Александр Дудчактың айтуынша, Кремльге қызмет етті деп айыптау үшін телефонда ресейлік нөмір болуы немесе кез-келген украин саясаткері туралы кері пікір білдіру жеткілікті.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/17/27822938_307:0:3038:2048_1920x0_80_0_0_89061881f0d7b219a83909ecd12d69f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Харьков облысында халықты "проресейлік элементтерден" арылту қарқынды жүріп жатыр. Адамдарды тіпті көшеден ұстап алып, белгісіз бағытта әкетіп жатыр. Бұған әлеуметтік желідегі жазба немесе көршінің шағымы сылтау болуы ықтимал, деп жазды
РИА Новости.Мақалада жазылғандай, украиналық БАҚ өз елінің армиясы, Украина қауіпсіздік қызметі мен полиция "коллаборанттармен" қалай күресіп жатқаны туралы жаңалықты жиі таратып жатыр. Ал анығында мұның артында кәдімгі қысым жатыр. Себебі Киев ресейлік білім беру, құжат айналымы, денсаулық сақтау стандарттарына көшкендерді мемлекет жауы деп жариялап жатыр.
Мектепте мұғалім болып қызмет істесең – үш жылға дейін бас бостандығыңнан айырады. Ресейліктерге бір дүние сатқан немесе қызмет көрсеткен болсаң, бес жылға сотталасың. Әкімшілікке қызметке кірсең, қандай да бір ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатыссаң, он жыл өмірің абақтыда өтеді. Судья немесе полиция қызметінде болсаң – 15 жыл. Ресей саясатына ақпараттық қолдау көрсету – 20 жыл. Егер "коллаборант" әрекетінен адам көз жұмған немесе басқа дауыр салдары болса, онда өмір бойына түрмеге жабыласың. Осы тектес мыңнан астам қылмыстық іс қозғалды. Ал ол сотталушыларды әскери тұтқындарға алмастыру қарастырылмайды.
Сонымен қатар, мемлекетке опасыздық жасағаны үшін соттап жатыр. Бірақ бұл жағдайда айыптаушының Украинаның егемендігіне, аумақтық тұтастығына, қорғаныс қабілетіне немесе ақпараттық қауіпсіздігіне келтірілген залалын дәлелдеу қажет болады. Ал "коллаборационизм" бойынша Ресей өкілдерімен қарапайым қарым-қатынас жеткілікті.
Мысалы, Интернетте украин әскерилерінің Купянскі аралап, ресейліктермен қарым-қатынас орнатқан адамдарды іздеп жүрген видеосы өте көп. Олар адамдарды ұрып-соғады, қорлайды, Мәскеуге жұмыс істегені үшін кешірім сұрауға мәжбүр етеді. Қарапайым украиналықтар "азат етілген аумақтарда" әр қадамын аңдап басып жүруге мәжбүр. Кез келген адам кез келген уақытта сатқын деп жариялануы мүмкін.
Харьков облысының "аймақтық қорғанысы" адамдардың ізіне түсіп жүр. БАҚ-тың хабарлауынша, Киев қыркүйек айының соңына дейін Ресей әскері орналасқан Харьков облысының Изюм, Балаклея, Купянск және басқа елді мекендерін "тазартуды" көздеп отыр. Егер әскерилер белгіленген уақытта межені орындамаса, онда Львов облысының қорғаныс күштері көмекке жіберіледі.
"Бұл шара шамамен он күнге созылады. Қалада бәрі тыныш, әскерилер тазалаумен айналысып жатыр", - деп мәлімдеді Киев тағайындаған Изюм мэрі Валерий Марченко.
Ал іс жүзінде бұл былай орындалады: кетіп бара жатқан адамның жанына жеңіл көлік тоқтап, оның ішінен бірнеше әскери түседі де, әлгі азаматтан кім болып жұмыс істегені, қанша жалақы алғаны, неге ресейліктермен байланыс орнатуға келіскені туралы сұрайды.
Мысалы, Волновахада тұратын Валентина есімді тұрғын бірнеше күннен бері Харьков маңында тұратын құрбысымен байланыса алмай отыр. Ресей, ДХР мен ЛХР одақтас әскеері келгенге дейін оның күйеуі жергілікті ТЖМбөлімшесінде құтқарушы болып жұмыс істеген. Ол ешқашан саясатпен айналыспаған, тек мұқтаж адамдарға көмектесіп келген.
"Әріптестерінің айтуынша, оны жұмыс орнына белгісіз бағытта алып кеткен. Енді құрбым да байланысқа шықпай отыр, хабарламаларыма жауап бермей жатыр", - деп уайымдады Валентина.
Дегенмен, украиналықтардың барлығы бірдей қатал емес. Киев халықаралық әлеуметтану институтының мәліметі бойынша, азаматтардың жартысына жуығы Ресеймен байланыс орнатқаны үшін кәсіпкерлер мен мұғалімдерді жазалауға болмайды деп санайды. Дәрігерлерді қудалауды 20 проценті, шенеуніктерді – 69 проценті қолдады.
Саясаттанушы Александр Дудчактың айтуынша, Кремльге қызмет етті деп айыптау үшін телефонда ресейлік нөмір болуы немесе кез-келген украин саясаткері туралы кері пікір білдіру жеткілікті.