Тоқаев Қырғызстан және Тәжікстан президенттеріне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда ғимараты
Ақорда ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаровқа және қырғыз халқына барша қазақстандықтың және жеке өзінің атынан қырғыз-тәжік шекарасында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген жауынгер мен бейбіт тұрғындардың қаза табуына байланысты көңіл айтты.
"Берік достық және тату көршілік қатынастарды сақтау – біздің ортақ әрі маңызды міндетіміз, сондай-ақ өңірдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, бейбіт өмір құру жолындағы Орталық Азиядағы барша бауырлас халықтың түбегейлі мүддесі. Қазақстан кез келген даулы мәселені тек қана бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды", – делінген жеделхатта.
Қазақстан президенті қырғыз халқына мықты рух, бейбітшілік және бақ-береке тіледі.
Сонымен қатар Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға көңіл айту жеделхатын жолдады.
"Біз бауырлас және достас мемлекеттердегі бұл қайғылы оқиға бізді қатты алаңдатады. Қазақстан аймақтағы кез келген даулы мәселені тек бейбіт жолмен және саяси дипломатиялық әдістермен шешуді жақтайды", – делінген жеделхатта.
Қазақстан президенті қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0