https://sputnik.kz/20220919/toqaev-nyu-yorkte-goldman-sachs-zhane-nasdaq-basshylarymen-kezdesu-otkizdi-27701469.html
Тоқаев Нью-Йоркте Goldman Sachs және NASDAQ басшыларымен кездесу өткізді
Тоқаев Нью-Йоркте Goldman Sachs және NASDAQ басшыларымен кездесу өткізді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті. 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T20:37+0500
2022-09-19T20:37+0500
2022-09-19T20:37+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/09/13/27700905_8:0:742:413_1920x0_80_0_0_04e6ec60633e3347ccea5c9e47bdc4cc.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті."Мемлекет басшысының Нью-Йоркке сапары Citi, Goldman Sachs, NASDAQ, Auerbach Grayson & Company LLP, Franklin Templeton, Brightlight Capital, AllianceBernstein, Jefferies Financial Group, Luxor Capital Group, Paine Schwartz Partners LLC, New Silk Road Forum, Robotti & Company Advisors, TPG Capital, Grupo Los Grobo сияқты жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесуден басталды", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық қаржыгерлерге еліміздегі ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы мәлімет берді.Мемлекет басшысы бұл маңызды өзгерістердің қаржы-экономика секторына ықпалы тұрғысынан мәні зор екенін айтты.Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың маңызды секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы Қазақстанның мүмкіндіктеріне назар аударды.Атап айтқанда, мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен ынтымақтастықтың перспективаларына тоқталды. Президент қордың активтерін жекешелендіруге байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылатынын айтты.Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, жасыл экономика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы еліміздің зор әлеуетіне, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығында жасалған қолайлы жағдайға назар аударды.Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда америкалық іскер топтарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/13/27700905_99:0:650:413_1920x0_80_0_0_2f663aebcf58883334302362a3616c28.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесті.
"Мемлекет басшысының Нью-Йоркке сапары Citi, Goldman Sachs, NASDAQ, Auerbach Grayson & Company LLP, Franklin Templeton, Brightlight Capital, AllianceBernstein, Jefferies Financial Group, Luxor Capital Group, Paine Schwartz Partners LLC, New Silk Road Forum, Robotti & Company Advisors, TPG Capital, Grupo Los Grobo сияқты жаһандық қаржы институттарының жетекшілерімен кездесуден басталды", - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Қасым-Жомарт Тоқаев америкалық қаржыгерлерге еліміздегі ауқымды саяси және экономикалық реформалар туралы мәлімет берді.
Мемлекет басшысы бұл маңызды өзгерістердің қаржы-экономика секторына ықпалы тұрғысынан мәні зор екенін айтты.
"Бизнес пен қаржы институттары үшін бұл нені білдіреді? Бұл нарыққа шығу жолын кеңейту мен ашықтықты қамтамасыз ету. Жалпы, жеке сектор мен халықаралық серіктестер үшін жаңа мүмкіндіктер ашу дегенді білдіреді", – деді президент.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың маңызды секторларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудағы Қазақстанның мүмкіндіктеріне назар аударды.
Атап айтқанда, мемлекет басшысы "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен ынтымақтастықтың перспективаларына тоқталды. Президент қордың активтерін жекешелендіруге байланысты жаңа мүмкіндіктер ашылатынын айтты.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика, жасыл экономика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы салаларындағы еліміздің зор әлеуетіне, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығында жасалған қолайлы жағдайға назар аударды.
Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан үкіметі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда америкалық іскер топтарға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.