Оқиға

Шет ауданында көлікте екі адам жанып кетті – салонда комиссия төрағасы болды

© Photo : pixabay.comГорящий автомобиль, иллюстративное фото
Горящий автомобиль, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында Toyota Land Cruiser көлігі аударылып, толығымен жанып кетті. Салонда болған екі адам шыға алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, жол апаты 17 қыркүйекте Қарағанды облысының Шет ауданында болған. 36 жастағы көлік жүргізушісі Ақой мен Бұрма ауылдарының арасында рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.
Toyota Land Cruiser көлік лап ете түсті. Жол апатында көлік жүргізушісі және 39 жастағы жолаушы – Қарағанды облыстық полиция депаратментіне қарасты аумақтық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы Данияр Тұрбаев оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Сот-медициналық сараптама жүргізіледі.
Жаңалықтар
0