Қостанай облысында жүздеген мектепке айыппұл салынды

© Sputnik / Кирилл Брага / Медиабанкке өтуМектеп асханасы
Мектеп асханасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысында әрбір екінші мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті таратқан мәліметке сәйкес, мамандар 276 мектепті тексеріп шыққан. Сола кезде әрбір екінші нысанда, жалпы, 179 мектепте санитарлық-эпидемиологиялық тәртіп бұзушылық анықталды.
"Санитарлық талаптарды бұзу бойынша 23,5 миллион теңгеден астам сомаға 200 айыппұл салынды, сот органдарына 9 материал жолданды, соның ішінде 9 шешім қабылданды. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманы бұзу бойынша 169 ұйғарым берілді. Медициналық қарап-тексеруден өту үшін 41 адам уақытша жұмыстан шеттетілді", - дейді мамандар.
Осы орайда барлық мектепке ортақ эпидемиологиялық мәселелердің бірі – тамақтануды ұйымдастыру. Оны көп жағдайда шағын және микро бизнес өкілдері ұйымдастырады. Ал қолданыстағы мораторийге байланысты жоспарлы тәртіппен тексеріс жүргізуге тыйым салынған. Осыған байланысты санитариялық қағидаларды сақтау жауапкершілігі кәсіпкерлердің өздеріне, сондай-ақ мектеп әкімшілігіне және бракераж комиссияларына жүктеліп жатады.
Подпись, бумаги, ручка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2022
Шымкент мектептері 22 миллион теңгеден астам айыппұл төледі
Жаңалықтар
0