https://sputnik.kz/20220919/qazaqstanda-darigerlerdi-saqtandyru-usynyldy-zharnanyn-molsheri-aytyldy-27692659.html
Қазақстанда дәрігерлерді сақтандыру ұсынылды: жарнаның мөлшері айтылды
Қазақстанда дәрігерлерді сақтандыру ұсынылды: жарнаның мөлшері айтылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілген жағдайда... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T12:36+0500
2022-09-19T12:36+0500
2023-08-10T12:26+0500
сақтандыру
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18068129_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_443ba0fde214fa873dcf6c678064bc43.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілген жағдайда жарнаның көлемі қанша болатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Бүгін мәжілісте таныстырылған заң жобасы бойынша елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Соның есебінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы төленеді. Келесі жылдан бастап жұмыс беруші ғана медицина қызметкерлерінің жарнасын төлейді деген жоспар бар. Артынан дәрігерлердің өздері де ақша аударады. Осылайша, ортақ жауапкершілік болады. Осы заң жобасы аясында дәрігерлердің қателігі үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуді де ұсынылып отыр. Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шаралары - денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайтау, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда бас бостандығын айыру жазасының мерзімін қайта қарап, бас бостандығын шектеуге ауыстыру бастамасы көтерілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18068129_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_c2467017c2de0b7b42e69c012913ae7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сақтандыру, дәрігер
Қазақстанда дәрігерлерді сақтандыру ұсынылды: жарнаның мөлшері айтылды
12:36 19.09.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесі енгізілген жағдайда жарнаның көлемі қанша болатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мәжілісте таныстырылған заң жобасы бойынша елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу ұсынылып отыр. Соның есебінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы төленеді.
Келесі жылдан бастап жұмыс беруші ғана медицина қызметкерлерінің жарнасын төлейді деген жоспар бар. Артынан дәрігерлердің өздері де ақша аударады. Осылайша, ортақ жауапкершілік болады.
"Ал ортақ жауапкершілік дегеніміз, ол 50/50, мысалы, біздің есебіміз бойынша медбике жылына 12 мың төлейді. Соның жартысын медициналық ұйым аударса, қалған 6 мың теңгені өзі аударады. Ал нейрохирургтар мен кардиохирургтардың жылдық жарнасы 70 мың теңгеге дейін жетеді. Оның жартысын да аурахана төлейді. Оны 2025 жылдан бастап енгіземіз деген жоспар бар", - деді Ғиният.
Осы заң жобасы аясында дәрігерлердің қателігі үшін қылмыстық жазаны жеңілдетуді де ұсынылып отыр.
Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 317-бабының санкциялық шаралары - денсаулыққа байқаусызда орташа және ауыр зиян келтіргені үшін айыппұл мөлшерін және қамауға алу мерзімін азайтау, денсаулығына ауыр зиян келген немесе пациент қайтыс болған жағдайда бас бостандығын айыру жазасының мерзімін қайта қарап, бас бостандығын шектеуге ауыстыру бастамасы көтерілді.