"Халық дербестігі" партиясы тіркеу құжаттарын әділет министрлігіне тапсырды

© Sputnik / Рамиль СитдиковАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
Сонымен қатар "Namys" және "Baitaq" партиялары съезд өткізу шараларына кірісіп кеткен
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда бір партия құрылтай съезін өткізіп, тіркеу құжаттарын министрлікке тапсырды. Бұл туралы әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бұған дейін үш партияның ресми түрде құжат жинауға кіріскені туралы ақпарат тарады. Бүгінде біреуі съезд өткізіп үлгерген.
"Халық дербестігі" партиясы съезін өткізіп, әділет министрлігіне ұйымға мүше адамдардың тізімін ұсынды. Қазіргі кезде бұл тізімнің қаншалықты заң талабына сай екендігі тексеріліп жатыр", - деді Мусин орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Министрдің айтуынша, "Namys" және "Baitaq" партиялары съезд өткізу шараларына кірісіп кеткен.
Айта кетері, заң бойынша құрылтай съезінен кейін әділет министрлігіне бірнеше құжат тапсырылады. Олар: өтініш, жарлық, бағдарлама, саяси партия мүшелерінің тізімі мен мемлекеттік тіркеу алымын төлеу туралы құжат. Партияны тіркемесе, үш айдан кейін қайта құжат тапсыруға болады.
Жаңалықтар
0