Спорт

Еліміз қазақ күресінен өткен Әлем кубогінде топ жарды

© Photo : Информационно-спортивный хабархив
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.09.2022
Жазылу
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Румынияның Констанца қаласында қазақ күресінен өткен Әлем кубогында ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды, деп хабарлайды "Qazaq kuresi" ассоциациясы.

"Қара теңіздің жағалауындағы бұл жарысқа әлемнің 20 елінен келген балуандар сынға түсті.Тартысты өткен белдесулердің қорытындысы бойынша ұлттық құрама өкілдері жалпыкомандалық бірінші орынға ие болды", - делінген ақпаратта.

Әлем кубогында үздіктер қатарынан көріне білген балуандар медальдармен және ақшалай сыйақылармен марапатталды.
Жарыстың ұйымдастырушылары – "Qazaq kuresi" ассоциациясы, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, Румыния "Qazaq kuresi" ассоциациясы және Румыниядағы Қазақстанның елшілігі.
Жаңалықтар
0