https://sputnik.kz/20220919/darigerlerdin-qyzmeti-saqtandyru-27690704.html
Дәрігерлердің қызметі сақтандырылса, пациентке келген зиян үшін қанша ақша төленеді
Дәрігерлердің қызметі сақтандырылса, пациентке келген зиян үшін қанша ақша төленеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды ұсынды. Бүгін мәжілісте арнайы заң... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T11:58+0500
2022-09-19T11:58+0500
2023-08-10T12:26+0500
заң
сақтандыру
дәрігер
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948641_2:0:2999:1686_1920x0_80_0_0_6865f8fff55e22ac78e623a8b643f6e1.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды ұсынды. Бүгін мәжілісте арнайы заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Қазіргі жоспарға сәйкес, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру полисі көлік жүргізушілерінің міндетті сақтандыру жүйесіне ұқсайтын болады. Пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келсе, өтемақы төленеді. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан анықтамалық материалдарға сәйкес, бүгінде өтемақының көлемі де есептелді. Олар: Министрлік мамандары медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің жалпы бюджетін де есептеп шықты. Егер базалық тариф болса, бір жылда 11,6 млрд теңге жиналады. Ал ең төмен тарифпен 4,7 млрд теңге болады. Соның есебінен өтемақы төленеді. Қазіргі жоспарға сәйкес, келесі жылдан бастап жұмыс беруші сақтандыру жарналарын аударса, артынан медицина қызметкерлері де төлейді. Сонда ортақ жауапкершілік болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23948641_376:0:2624:1686_1920x0_80_0_0_431bee73ec5220212f5c6a0a1b3b5e04.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң, сақтандыру, дәрігер
Дәрігерлердің қызметі сақтандырылса, пациентке келген зиян үшін қанша ақша төленеді
11:58 19.09.2022 (жаңартылды: 12:26 10.08.2023) АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыруды ұсынды. Бүгін мәжілісте арнайы заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі жоспарға сәйкес, дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру полисі көлік жүргізушілерінің міндетті сақтандыру жүйесіне ұқсайтын болады. Пациенттің өміріне немесе денсаулығына зиян келсе, өтемақы төленеді.
Денсаулық сақтау министрлігі таратқан анықтамалық материалдарға сәйкес, бүгінде өтемақының көлемі де есептелді.
өлім үшін 1000 АЕК (3 180 000 теңге);
мүгедектік алғаны үшін I топ – 800 АЕК (2 544 000 теңге),
II топ – 600 АЕК (1 908 000 теңге),
III топ - 500 АЕК (1 590 000 теңге); – мертігу мен жарақат алу бойынша амбулаториялық немесе стационарлық емдеуге - 300 АЕК (954 000 теңге);
Министрлік мамандары медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесінің жалпы бюджетін де есептеп шықты. Егер базалық тариф болса, бір жылда 11,6 млрд теңге жиналады. Ал ең төмен тарифпен 4,7 млрд теңге болады. Соның есебінен өтемақы төленеді.
"Болжамды бюджет медициналық-санитарлық алғашқы көмек үшін бір медициналық ұйымға орта есеппен, шамамен, 3 млн теңгені, стационарлар үшін жылына шамамен 6 млн теңгені құрайды. Сақтандыру жарнасының мөлшері тиісті қаржы жылына арналған айлық есептік көрсеткіш көлемінде тәуекел дәрежесіне, бейіндік бағытқа және жалақыға қарай бекітілген актуарлық есептеулердің негізінде медицина қызметкерінің жауапкершілік дәрежесі ескеріле отырып айқындалатын болады", - деді министр Ажар Ғиният мәжілісте өткен отырыста.
Қазіргі жоспарға сәйкес, келесі жылдан бастап жұмыс беруші сақтандыру жарналарын аударса, артынан медицина қызметкерлері де төлейді. Сонда ортақ жауапкершілік болады.