https://sputnik.kz/20220919/darigerdin-qateligi-tolemder-zan-27686756.html
Дәрігер қателігі үшін өтемақы қалай төленеді – заң жобасы әзірленді
Дәрігер қателігі үшін өтемақы қалай төленеді – заң жобасы әзірленді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібін әзірледі. Соның есебінен... 19.09.2022, Sputnik Қазақстан
2022-09-19T10:44+0500
2022-09-19T10:44+0500
2022-09-19T10:44+0500
денсаулық
дәрігер
қате
төлем
заң жобасы
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744913_0:0:3001:1688_1920x0_80_0_0_dda7730f1b5f9765189c1ba80d8357da.jpg
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібін әзірледі. Соның есебінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, шағым алдымен медициналық ұйымның өзінде қаралады. Кәсіби мамандар мен ішкі аудит бәрін тексереді. Одан кейін екі жақты өзара татуластырып, мәселені реттеуге тырысады. "Ал пациент шешіммен келіспеген жағдайда шағым медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілетін болады. Оң нәтиже шығарылса, шағым бойынша барлық материал, соның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы сақтандыру компаниясына жіберіледі. Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді денсаулық сақтау министрлігі айқындаған жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді", - деді Ғиният мәжілістегі отырыста. Ал пациент сақтандыру төлемінің көлеміне қанағаттанбаса, сотқа жүгінуге мүмкіндік болады. Ондайда өтемақы төленбейді, соттың соңғы шешімін күту керек. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібі көлік жүргізушілерін сақтандыру жүйесіне ұқсайды. Бас кезінде барлық жарнаны жұмыс беруші аударса, артынан медицина қызметкерлері де төлейді.Осылайша, ортақ жауапкершлік болады деген жоспар бар. Ал жарнаның көлемі кәсіби бағытқа байланысты болады. "2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйақысының сомасы медициналық ұйым мен медицина қызметкерлері арасында өзара бөлу ұсынады. Бұл ортақ кәсіби жауапкершілікке алып келеді", - деп атап көрсетті Ғиният. Сақтандару жарнасы, шамамен, 6 мың теңге болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744913_374:0:2625:1688_1920x0_80_0_0_18a2faa002dc568c4b6c2bc1a8efae4c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрігер, қате, төлем, заң жобасы
дәрігер, қате, төлем, заң жобасы
Дәрігер қателігі үшін өтемақы қалай төленеді – заң жобасы әзірленді
АСТАНА, 19 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібін әзірледі. Соның есебінен зардап шеккен пациенттерге өтемақы беріледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша, шағым алдымен медициналық ұйымның өзінде қаралады. Кәсіби мамандар мен ішкі аудит бәрін тексереді. Одан кейін екі жақты өзара татуластырып, мәселені реттеуге тырысады.
"Ал пациент шешіммен келіспеген жағдайда шағым медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшесіне берілетін болады. Оң нәтиже шығарылса, шағым бойынша барлық материал, соның ішінде сот-медициналық сараптаманың қорытындысы сақтандыру компаниясына жіберіледі. Пациентке келтірілген зиян үшін өтемақы төлеуді денсаулық сақтау министрлігі айқындаған жағдайлар бойынша сақтандыру компаниясы жүргізеді", - деді Ғиният мәжілістегі отырыста.
Ал пациент сақтандыру төлемінің көлеміне қанағаттанбаса, сотқа жүгінуге мүмкіндік болады. Ондайда өтемақы төленбейді, соттың соңғы шешімін күту керек. Медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тәртібі көлік жүргізушілерін сақтандыру жүйесіне ұқсайды. Бас кезінде барлық жарнаны жұмыс беруші аударса, артынан медицина қызметкерлері де төлейді.
Осылайша, ортақ жауапкершлік болады деген жоспар бар. Ал жарнаның көлемі кәсіби бағытқа байланысты болады.
"2023 жылдан бастап сақтандыруды жұмыс берушінің есебінен жүзеге асыруды ұсынып отырмыз. 2025 жылдан бастап сақтандыру сыйақысының сомасы медициналық ұйым мен медицина қызметкерлері арасында өзара бөлу ұсынады. Бұл ортақ кәсіби жауапкершілікке алып келеді", - деп атап көрсетті Ғиният.
Сақтандару жарнасы, шамамен, 6 мың теңге болады.